Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Айнамкөз)
Пенде емес малын санап, жатар шөгіп,
Жез тандай ән мен жырды қатар төгіп,
Сыймаған бір ауылға сері Мұхит
Жиірек кетеді екен сапар шегіп.
Бастайды ән жортып шығып қырқаны аса,
Кең дала тындайды үнді бір тамаша,
Кетердей тар кеудені жарып өуен
Аулаққа алыс кетіп шырқамаса.
Іңкәрлік онда елден ала бөлек,
Даусы да, келбеті де дара дер ек,
Мұхитты тыңдау үшін - үлкен жүрек,
Мұхитқа шырқау үшін - дала керек:
Әншінің тағдыры ауыр, жолы құтты,
Өр көңіл тірлік үшін торығыпты.
Бір жылы Кобда бойын кезген енші
армандай бір аруға жолығыпты.
Жұмбақтай жүрек жәйін жан ұқпаған,
Сырына Құралайдың қанықпаған,
Дегенмен ояу көңіл, көреген көз
Қыз мұңын қабағынан танып қалған.
Шәй құйған, қонаққа тік қарамаған,
Әр сөзді оймен тыңдап, саралаған.
Қалайша анасынан асып туған
Міні жоқ тал бойынан табар адам.
Жанардан мұң аралас жалын төгіп
Бейнесі сүйген жардың сағым болып,
Сүйетін, сүймейтінін сұрамастан
Сұлуға қойған екен қалың беріп.
Табиғат сезім берген талабына,
Таланттың көрегендік ғажабы да,
Қыз халін сері Мұхит ұғып алған,
Түскеннен көз қиығы ажарына.
Әнші отыр шырқамасқа амал қалмай,
Лайық оған әуен табар қандай,
Өтетін ер жігітке мәңгі арман боп
Жалт еткен, жалын атқан жанар қандай!
Жүрісі - қалқып өткен аққу алдан,
Кім екен аруға жар, бақты болған.
Бұрымда жібек шашбау сыңғырлайды
Майысып құйған шайы тәтті балдан.
Қазақтың қонақ сыйлау салтын корген,
Қос бұрым арқасында қалпында өрген.
Қырмызы кеудешесі қынама бел
Көмкерген омырауын алтын зермен.
Төгілтіп ақ көйлектің бүрмелерін,
Ұғынар үнсіз тыңдап білмегенін,
Ақ білек шай ұсынған батыл ғана
Ұялшақ дірілдейді гүлдей ерін.
Әнші отыр тілдесе алмай жеке қалып,
Жас дәурен күні ертең-ақ өтер анық.
Қоспайды сүйген жарға амал қанша
Мал берген мықты білек кетеді алып.
Мұхиттан басқа бір жан бұны ұқпайды,
Сүйгенін қыз жүрегі ұмытпайды.
Ән тыңдап, той күткен жұрт отыр, қайтсін,
Жатқанын қыз-кеудеде тұнып қайғы.
Ару қыз тіл қатпады, сыр айтпады,
Мұхитты бірақ бір ән шыдатпады,
Құрбыдан озық туған әнші сонда
Өксігін қам көңілдің жұбатқаны:
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы.
Біреудің мен де өзіндей боз тайлағы.
Ойнасаң өзі теңдес жаспен ойна
Ол-дағы сүйген жардан кем болмайды.
Қалқашым, жүрген жерің сайран болсын,
Жақсылар алдан құшақ жайған болсын,
Сөзімен жұбатқансып, деп тұр әуен
Тең құрбы сүйген жардай қайдан болсын.
Жез тандай ән мен жырды қатар төгіп,
Сыймаған бір ауылға сері Мұхит
Жиірек кетеді екен сапар шегіп.
Бастайды ән жортып шығып қырқаны аса,
Кең дала тындайды үнді бір тамаша,
Кетердей тар кеудені жарып өуен
Аулаққа алыс кетіп шырқамаса.
Іңкәрлік онда елден ала бөлек,
Даусы да, келбеті де дара дер ек,
Мұхитты тыңдау үшін - үлкен жүрек,
Мұхитқа шырқау үшін - дала керек:
Әншінің тағдыры ауыр, жолы құтты,
Өр көңіл тірлік үшін торығыпты.
Бір жылы Кобда бойын кезген енші
армандай бір аруға жолығыпты.
Жұмбақтай жүрек жәйін жан ұқпаған,
Сырына Құралайдың қанықпаған,
Дегенмен ояу көңіл, көреген көз
Қыз мұңын қабағынан танып қалған.
Шәй құйған, қонаққа тік қарамаған,
Әр сөзді оймен тыңдап, саралаған.
Қалайша анасынан асып туған
Міні жоқ тал бойынан табар адам.
Жанардан мұң аралас жалын төгіп
Бейнесі сүйген жардың сағым болып,
Сүйетін, сүймейтінін сұрамастан
Сұлуға қойған екен қалың беріп.
Табиғат сезім берген талабына,
Таланттың көрегендік ғажабы да,
Қыз халін сері Мұхит ұғып алған,
Түскеннен көз қиығы ажарына.
Әнші отыр шырқамасқа амал қалмай,
Лайық оған әуен табар қандай,
Өтетін ер жігітке мәңгі арман боп
Жалт еткен, жалын атқан жанар қандай!
Жүрісі - қалқып өткен аққу алдан,
Кім екен аруға жар, бақты болған.
Бұрымда жібек шашбау сыңғырлайды
Майысып құйған шайы тәтті балдан.
Қазақтың қонақ сыйлау салтын корген,
Қос бұрым арқасында қалпында өрген.
Қырмызы кеудешесі қынама бел
Көмкерген омырауын алтын зермен.
Төгілтіп ақ көйлектің бүрмелерін,
Ұғынар үнсіз тыңдап білмегенін,
Ақ білек шай ұсынған батыл ғана
Ұялшақ дірілдейді гүлдей ерін.
Әнші отыр тілдесе алмай жеке қалып,
Жас дәурен күні ертең-ақ өтер анық.
Қоспайды сүйген жарға амал қанша
Мал берген мықты білек кетеді алып.
Мұхиттан басқа бір жан бұны ұқпайды,
Сүйгенін қыз жүрегі ұмытпайды.
Ән тыңдап, той күткен жұрт отыр, қайтсін,
Жатқанын қыз-кеудеде тұнып қайғы.
Ару қыз тіл қатпады, сыр айтпады,
Мұхитты бірақ бір ән шыдатпады,
Құрбыдан озық туған әнші сонда
Өксігін қам көңілдің жұбатқаны:
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы.
Біреудің мен де өзіндей боз тайлағы.
Ойнасаң өзі теңдес жаспен ойна
Ол-дағы сүйген жардан кем болмайды.
Қалқашым, жүрген жерің сайран болсын,
Жақсылар алдан құшақ жайған болсын,
Сөзімен жұбатқансып, деп тұр әуен
Тең құрбы сүйген жардай қайдан болсын.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақбақай көлдің жағасы)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақсақ қыз аңызы)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева ("Ақиіс" - әннің аты)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақбақай көлдің жағасы)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақсақ қыз аңызы)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева ("Ақиіс" - әннің аты)
Іздеп көріңіз: