Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Алпыс бір мүшел келді мерттей болып)
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.
Астынан көк өгіздің тас көтерген,
Арықтаған кісіні ас көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса.
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген?
Қара тасты астынан су көтерген,
Суға түскен мұнарды бу көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?
Құлеке, жиырмада арқар едің,
Отызыңда би, қырқыңда дарқан едің.
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.
Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айрылмайсың,
Көз танысың жоқпа еді менен басқа?
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.
Астынан көк өгіздің тас көтерген,
Арықтаған кісіні ас көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса.
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген?
Қара тасты астынан су көтерген,
Суға түскен мұнарды бу көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?
Құлеке, жиырмада арқар едің,
Отызыңда би, қырқыңда дарқан едің.
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.
Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айрылмайсың,
Көз танысың жоқпа еді менен басқа?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Көңіл айтқаны)
» Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Алашқа)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Арғымақ ат кімде жоқ)

Іздеп көріңіз: