Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қыздар)

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қыздар)

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.
Қыз он беске келгенде мау тартады,
Ата менен енеге жау тартады.
Екі көзі, ел көшсе, төңіректе,
Шарасыздың күніне жүк артады.
Қыз он беске келгенде талма мойын,
Он алтыға қыздардың қылса тойын
Он алтыдан асқасын болмайды ойын.
Қыз он беске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байларың несі кейін,
Оразасын үйінен ашқан кісі?
Қонбай тастап кетерме арды кісі?
Ашулансақ кееді жарлы кісі.
Ашуланса қолынан түк келмейді,
Орайына келтірер малды кісі.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шал ақын тілеуке құлекеұлы Қыздар өлең олен стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, шал ақын тілеуке құлекеұлы өлеңдері, шал акын тлеуке кулекеулы олен казакша, стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, Қыздар, қыз туралы өлең, қыздар туралы өлең жолдары, қыз туралы өлең жолдары, қыздар туралы өлең шумақтары, стихи на казахском языке про девушек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]