Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)

Бақыт, дәулет, мал бітерде ырыс қонар,
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар.
Бала пайда күнем болар,
Жалшы жауынгер болар.
Келін епті болар,
Көп көрініп жау қашырар,
Көмектен қонақ аттандырар.
Адамы қырлы болар,
Малы түрлі болар.
Иті үреген келер,
Тіркеген малы жүреген келер.
Бақ, дәулет, мал кетерде ырыс қашар,
Біреуі біреуіне пәле жасар.
Бала пайдасыз болар,
Жалшы жалқау болар.
Қызы қылықсыз болар.
Келіні керенау болар.
Қатыны салақ болар,
Ат мінсе, жалақ болар.
Адамы қырсыз болар.
Малы түрсіз болар.
Иті үрмес,
Тіркеген малы жүрмес.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шал ақын тілеуке құлекеұлы Бақ дәулет мал бітерде ырыс қонар өлең олен стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, шал ақын тілеуке құлекеұлы өлеңдері, шал акын тлеуке кулекеулы олен казакша, стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, Бақ дәулет мал бітерде ырыс қонар, бақ туралы өлең, дәулет туралы өлең, байлық туралы өлеңдер, байлық туралы өлең олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]