Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәріліктің дауасы)
Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз - түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң - дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз - түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң - дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрілік)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Көңіл айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бұл дүниенің мысалы)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бір байдың жалғыз баласы өлгенде айтқаны)

Іздеп көріңіз: