Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Арғымақ ат кімде жоқ)

Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Арғымақ ат кімде жоқ)

Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң, атша жоқ,
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ.
Бұқарада бар булама,
Ташкентте бар сулама.
Ел жаман шыға ма?
Шығадан жақ сы туа ма?
Сыйласпсаң тіріде
Екі көзің ағарсын,
Өлгеннен соң жылама.
Бұхар , Ташкент азғанын
Ішіндегі сарт білер.
Қамқа тонның тозғанын
Көп жасаған қарт білер,
Ағайынның азғанын
Қарындас білмес, жат білер,
Артқы қастың батқанын
Қаптал білмес, ат білер.
Ел ішінде бір мола,
Жау келсе де , үрку жоқ.
Соқыр, қисық болса да,
Бай ұлында шіркеу жоқ.
Неше мырза болса да ,
Жер солқылдап тұрса да,
Кедейден басқа шіркін жоқ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шал ақын тілеуке құлекеұлы Арғымақ ат кімде жоқ өлең олен стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, шал ақын тілеуке құлекеұлы өлеңдері, шал акын тлеуке кулекеулы олен казакша, стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, Арғымақ ат кімде жоқ, арғымақ туралы өлең, ат туралы өлеңдер, жылқы туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]