Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Дін)
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі .
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері.
Арам болса қашады сау кісіден,
Естімеген сөз шығар сұм кісіден.
Молдалардың айтқаны рас болса,
Жұмақ көрер адам жоқ бұл кісіден.
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері.
Арам болса қашады сау кісіден,
Естімеген сөз шығар сұм кісіден.
Молдалардың айтқаны рас болса,
Жұмақ көрер адам жоқ бұл кісіден.
Мекке менен Медине жолдың ұшы,
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды құрметтесең,
Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.
Арам жүрсе, жиіркенер сау кісіден,
Алдау, өтірік тарайды сұм кісіден,
Қой, сиырын қамасын молда өзі,
Жұмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден.
Иман таба алар ма барған кісі?
Ата - ананы, мейманды құрметтесең,
Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.
Арам жүрсе, жиіркенер сау кісіден,
Алдау, өтірік тарайды сұм кісіден,
Қой, сиырын қамасын молда өзі,
Жұмақ көрер бір жан жоқ бұл кісіден.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Әй, жігіттер)
» Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Әй, достарым)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Көңіл айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Әкесі Құлекеге өлгенде айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Мешкей кәрілерге айтқаны)

Іздеп көріңіз: