Қазақша өлең: Шәді Жәңгірұлы (Бір молдаға)
Жаманға ұйқы - жолдас, тамыр - тамақ...
Болмайды көңілінде басқа талап.
Күн кешірмек болады өз ойынша,
Әйтеуір қызыл тілмен алдап-арбап.
Жалқау жанның қолынан іс келмейді,
Ал сонда бұл бейшара қайда бармақ?!
Бар ойы, арманы сол антұрғанның:
Арына дос-жаранның ойран салмақ.
Пәлсініп, кісімсініп кекірейгенде,
Өзгелер - кереге де, ол - бір шаңырақ.
Тұрақты түйіні жоқ, түңілесің,
Қаншама отырса да сөзге замғап.
Біреулер ақыл айтса, аңғармайды,
Онымен де қас болар іші қайнап.
Онан да жақсылармен тату болсай,
Отырсаң орынды ғой гүлдей жайнап.
Өлсең де өсек айтпа, ақырғы сөз:
Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.
Жаманға жанжал жақсы басқадан да,
Ақылы өз басынан аспағанға.
Бірге өсіп қаршығамен, бір жүргенмен,
Аң ілмей, қиға ұмтылар ала қарға.
Соңына байғыз байғұс түскенменен,
Жемтігін лашынның ол ала алар ма?
Бұлбұлша сайраймын деп шатасқанмен,
Өз атын көкек ғаріп шақырмай ма?
Осымен сөздің соның төмәмдадым,
Жетерлік тәрізді ғой есі барға.
Болмайды көңілінде басқа талап.
Күн кешірмек болады өз ойынша,
Әйтеуір қызыл тілмен алдап-арбап.
Жалқау жанның қолынан іс келмейді,
Ал сонда бұл бейшара қайда бармақ?!
Бар ойы, арманы сол антұрғанның:
Арына дос-жаранның ойран салмақ.
Пәлсініп, кісімсініп кекірейгенде,
Өзгелер - кереге де, ол - бір шаңырақ.
Тұрақты түйіні жоқ, түңілесің,
Қаншама отырса да сөзге замғап.
Біреулер ақыл айтса, аңғармайды,
Онымен де қас болар іші қайнап.
Онан да жақсылармен тату болсай,
Отырсаң орынды ғой гүлдей жайнап.
Өлсең де өсек айтпа, ақырғы сөз:
Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.
Жаманға жанжал жақсы басқадан да,
Ақылы өз басынан аспағанға.
Бірге өсіп қаршығамен, бір жүргенмен,
Аң ілмей, қиға ұмтылар ала қарға.
Соңына байғыз байғұс түскенменен,
Жемтігін лашынның ол ала алар ма?
Бұлбұлша сайраймын деп шатасқанмен,
Өз атын көкек ғаріп шақырмай ма?
Осымен сөздің соның төмәмдадым,
Жетерлік тәрізді ғой есі барға.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: