Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қара күз)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қара күз)

Жұтылған соң жалғанға,
Сұрамайық кешірім.
Қызыл шапақ қонғанда,
Кездесерміз кешқұрым.

Кездесерміз...қарсы алар -
Бізді күткен қара күз.
Мұңаймасын аршалар
Қол ұстасып барармыз!

Сезімсіздік қам құрған-
Мұңлы сыңсу арамыз.
Ақын жігіт қалдырған-
Жүрегімде қара күз...

Жанарыңда жыр тұндым,
Сен де жалғыз, мен - жалғыз.
Неге жүрек бұлқындың?!
Қаралы күн - қара күз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақерке асан Қара күз өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Қара күз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]