Қазақша өлең: Ақерке Асан (Желменен бiрге жылаған...)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Желменен бiрге жылаған...)

Күмiстей күлкi сыңғыры,
Өткенге сiңiп бұл күнi,
Алтыннан зерлеп соқсаң да,
Торда өлер бұлбұл бiр күнi...

Ай өтiп, сосын күн жылжып,
Қабаққа қонып кiрбiң көп,
Желменен бiрге жылаған,
Жанымды алар Тәңiр-Көк!

Өзге боп сосын сырласың,
Шешерсiң шолпы, сырғасын...
Сол түнi кетермiн мәңгiлiк,
Таусылып ерiген майшамдай,
Ып-ыстық төгiлiп көз жасым...
"-О, Жазым! "
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақерке асан Желменен бiрге жылаған... өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Желменен бiрге жылаған...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]