Қазақша өлең: Ақерке Асан (Музамен сырласу)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Музамен сырласу)

Махабатты сезіп нұрлы елестен...
Білемісің мен өзіңмен кеңескем,
Жібек пенен Баян қыздың тағдыры,
Менің бала қиялыммен тел өскен .
Айлы түнім, самалынан нұр ескен,
Құс жолына үнсіз ғана ілескем...
Көк аспанды көрпе қылып, көк өрім -
көрінбейтін көк жиекпен тілдескем.
Жан-жайлауым құлазиды ел көшкен,
Аққу ғұмыр алыстады көлде өскен.
Жарық күннің жақсылығы- сұраса,
Жүрегімді тұтас берем, бөлместен!
Мөлдір болсын мұңның бәрі мен кешкен...
Мен бір бота...бұтасы көп жерде өскен,
Сағынышым сағым жырға айналды,
Сансыз ойлар сартап болып селбескен.

Поэзия періштенің сөздері,
Өзімді емдеп, шаттандырам өзгені.
Адал болу, жақын келу Аллаға!
Осы ақиқат жүрегімнің, сезгені...
Керім күндер күрсінісім болмасын,
Абай рухы үмітімді қолдасын!
Ізгіліктің қаламы бар достарым,
Осы жырдың жазсын әрі жалғасын...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақерке асан Музамен сырласу өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Музамен сырласу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]