Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Кешірім)

Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Кешірім)

Заман дамып жатқанмен, мынаны аңғар
Мейірімнен жұрдай боп жүр адамдар.
Ең үлкенін сауаптың алады екен,
Бірінші боп кешірім сұрағандар.

Бірақ бүгін көп адам мұны ұқпайды,
Өзіне ешбір кінəні жуытпайды.
Сен ұмытып кеткенмен, ешқашанда,
Өкпелеген адамың ұмытпайды.

Көңіліне қойсақта жара салып,
Менен оның төмен ғой бағасы анық.
Деген оймен кешірім сұрамаймыз,
Тұрам ба деп алдында аласарып.

Айналдық па тас жүрек сорлыға біз,
Мейірімсіз боп кеттік сол кінəміз.
Кешірші деп келсе де бір бейшара,
Аяғыма жығыл деп қор қыламыз.

Ар ұяттың есігін күзеткендер,
Бір біріңе көңілді мұз етпеңдер.
Жақсы адам ол қатесіз адам емес,
Өз қатесін түсініп, түзеткендер.

Ерегеспен шығатын есі үнемі,
Кекшіл адам сауаптан кешігеді.
Кешіріңдер адамдар бір біріңді
Кешіргенді құдай да кешіреді

Көктен биік болғандай көкірегім,
Өкінемін көп сөйлеп көкіп едім.
Біліп білмей егерде ренжітсем,
Мен сіздерден кешірім өтінемін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жандарбек бұлғақов Кешірім өлең стихи на казахском языке жандарбек булгаков казакша олен, жандарбек бұлғақов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке жандарбек булгаков, жандарбек булгаков казакша олендер, Кешірім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]