Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жанбады ма шырақ әлі....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жанбады ма шырақ әлі....)

Жанбады ма шырақ әлі,
Арманымның жырақ әні.
Түнгі аспанды тебірентіп,
Жұлдыз болып жыр ағады.

Жауратады күзгі жауын.
Көңіл-жетім кейіптегі.
Шын мен болсам, сіздің әннің,
Ең бақытты кейіпкері:

Тәңір ісі демейін бе,
Тәбәрікке теңейін бе?
Жүрегімді суырып ап,
Жүрегіңе берейін бе?

Жүрек? Жүрек – сол сыр берген,
(Ертегі-өмір, баяны жоқ).
Сіз есен-сау болсын деумен,
Көкке қолды жаямын көп.

Үкі тағып текке үмітке,
Қиялдаумен келемісің?
Құрбан болып кетпедік пе,
Екеуміз де... Өлең үшін!

Жалғыз досым Өлең еді.
Тұмар болды есіміңіз.
- Мұңға мені бөлемегін.
- Ке-ші-рі-ңіз...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Жанбады ма шырақ әлі өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Жанбады ма шырақ әлі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]