Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жаңбырлы күн)
Боямасыз балғын сезім, қайда арман?
Бақыттың да табылмады дерегі.
Баяны жоқ бір ғұмырға байланған,
Болмысымнан безіп кеткім келеді.
Жаным-жара, жабырқаулы күйдемін.
Жалғыз мендей жер бетінде адасқан.
Бүгін Сізді менен басқа сүйді ерін,
Бүгін мені торлап алды қара аспан.
Қара аспаннан аққан жасқа малынып,
-Жауын ғой, - деп алдамаңыз. Білемін.
Ақша бұлттан аппақ шәлі жамылып,
Ақ жүзіңді аймалаумен жүр едім.
Тамшы болып ағып түссем ғұмырдан,
Тырсылы оның жаңғыра ма санаңда?
Бұл өлеңім - бұлттар салған іңіргі ән.
..Жаңбыр жауды бүгін менің қалама...
Бақыттың да табылмады дерегі.
Баяны жоқ бір ғұмырға байланған,
Болмысымнан безіп кеткім келеді.
Жаным-жара, жабырқаулы күйдемін.
Жалғыз мендей жер бетінде адасқан.
Бүгін Сізді менен басқа сүйді ерін,
Бүгін мені торлап алды қара аспан.
Қара аспаннан аққан жасқа малынып,
-Жауын ғой, - деп алдамаңыз. Білемін.
Ақша бұлттан аппақ шәлі жамылып,
Ақ жүзіңді аймалаумен жүр едім.
Тамшы болып ағып түссем ғұмырдан,
Тырсылы оның жаңғыра ма санаңда?
Бұл өлеңім - бұлттар салған іңіргі ән.
..Жаңбыр жауды бүгін менің қалама...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Мәңгілікке мекендеген Күн елін....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Мына сұп-сұр жер бетіне....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Боз далада боз қырауды жамылған...)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Тағы да сол...)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Келмеді бүгін тағы да ақталғым....)

Іздеп көріңіз: