Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жаңбырлы күн)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жаңбырлы күн)

Боямасыз балғын сезім, қайда арман?
Бақыттың да табылмады дерегі.
Баяны жоқ бір ғұмырға байланған,
Болмысымнан безіп кеткім келеді.

Жаным-жара, жабырқаулы күйдемін.
Жалғыз мендей жер бетінде адасқан.
Бүгін Сізді менен басқа сүйді ерін,
Бүгін мені торлап алды қара аспан.

Қара аспаннан аққан жасқа малынып,
-Жауын ғой, - деп алдамаңыз. Білемін.
Ақша бұлттан аппақ шәлі жамылып,
Ақ жүзіңді аймалаумен жүр едім.

Тамшы болып ағып түссем ғұмырдан,
Тырсылы оның жаңғыра ма санаңда?
Бұл өлеңім - бұлттар салған іңіргі ән.
..Жаңбыр жауды бүгін менің қалама...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Жаңбырлы күн өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Жаңбырлы күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]