Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)

Кіналай алмаймын ғой -
Жүректің мұзы ерімей,
Болмаса күрсінгенім.
Куйінгенім.
Тағы да тұман көңіл.
Тағы да күмәнді өмір.
Тағы да үмітсіздің үйіндемін.
Алдайды сағым неге?
Жанбайды бағым неге?
Тағдырдың таусылмады-ау зауалы мың.
Аңсадым неге сені?
Басады мұң еңсені.
Жауабын кім айтады сауалымның?
Жазғыра алмаймын ғой -
Жанарда тұнса да арман,
Қолыңда болса жалған,
Келер едің.
Алыстан сағынысып...
Өртеніп, жанып-ысып,
Жаныма білмей кеттім не керегін...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Кіналай алмаймын ғой өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Кіналай алмаймын ғой

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]