Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?)

Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма?
Бәрін де ұмытам, сен енді оралма!
Бітпейтін керістен болды ма жауыр Түн?
О, неге өткеннің наласы ауыр тым?
Өткеннің наласы өртесін тек мені,
Бұл көктем біздерді бөлуге кеп пе еді?
Кінәсі жоқ күннің, жердің де, аспанның,
Ақырғы беті бұл біз жазған дастанның.
Сен берген шербеттен у татып тұр әлі.
Жүрегің деп сенгем жырымның тұрағы.
Өзіңсіз өмірге симаймын мен енді,
Қазір-ақ кетер ем, қимаймын өлеңді!
Өлеңді, көбелек ернінде көз ілген,
Аяймын, түндерде таба алмай төзімге ем.
Кінәлі емес ол сүймесе сүйгенім,
Ешкімге керексіз, дерексіз күйдемін.
Көктемнің келгені мұнша ауыр болар ма?
Жас болып тама сал жанардан. Оралма!
Бейуақта бұзды кім махаббат қамалын?
-Қош!- деуден басқаға қалмады амалым...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Бәйшешек-сезімім тым ерте солар ма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]