Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Қол бұлғады бір арман....)
Қол бұлғады бір арман, қол бұлғады мұнардан,
Шақырды да жиі үміт, шәйі көйлек киініп,
Бойтұмарым қолымда, ой мен тұман жолымда,
Кетіп едім алысқа, бата беріп ауылым.
Бір төбенің басында, тарғыл төбет қасыңда,
Сен қалып ең, бауырым!
Сағым болып серігім, тағым болып пері-күн,
Адасқанмын! Есімде...
Шаһар кезіп шаттанып, думанға еріп ұзадым,
Сен қалдың сол ескі үйде, тірлік болып тұзағың.
Шопан ата таяғы досың еді елсізде.
Жапандағы жалғыз үй жабырқайтын менсіз тек.
Жан серігің домбыра, ол да мұңлы болды ма,
Арашалап алуға апармады жол мына!
Сезінбедім әкенің тым ертерек кеткенін,
Бар-жоғымды түгендеп жүретінсің тек менің.
Кешір! Талай түндерде, қамалып ой-орманға,
Жалғызсырап жатқанда, ән сап жүрдім тойларда.
Ескі тонның етегі қиылғанша кидің сен.
Сонша азаптың ішіне қалай ғана сидың сен?
Сол кеткеннен оралмай, жанға пана бола алмай,
Алыстадым. Бал кезді ұрлады үміт, тонады ай.
Хабарыңды білуге босамадым көп достан.
Амалымды түгендеп, жеткізді ме көк аспан?
Өкінішін тізеді теңіз кешер тұста кім?
Өтті күндер кешегі, дала болып ұстазың.
Жырақ қонсам, айыбым емес шығар ол менің,
Көзіндегі әжемнің, бір мейірге шөлдедім!
Құшақтауға бойым да жетпей қалды, құлыным!
Ауыл барып, ұлыңның иіскейінші тұлымын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Егілген ен даланың елігі біз....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көк мұнарға оранып...)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жазбады....)

Іздеп көріңіз: