Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көктем дейді...)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көктем дейді...)

Көктем дейді...
Көңілімде күз менің.
Қарсы алмадым қайтқан құстың тізбегін.
Қанатына хат жазар ем...
Жазбаймын.
Бүгін менің санам суық, аз қайғым.
Алыстамыз. Менде - шер де, Сізде – мұң.
Сағынасыз?
Сағынбайсыз! (Сағынар...)
Кім бар екен біздің құсни халді ұғар?
Аз дейсіз бе, мына дүние-ғайыпта,
Мен секілді,
Сіз секілді,
Адасып,
Біз секілді тоғыспаған тағдырлар?
Сыртта жаңбыр...
Жасы емес ол аспанның,
Мен де енді жыламаймын.
Басқамын.
Көктем, күз бе, мезгілдің жоқ берері,
Қу жаныма бұл өмірден керегі -
Тек Сіз аман болыңызшы, асқарым!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Көктем дейді... өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Көктем дейді...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]