Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім....)

Шербет пе екен бұл сезім, шекер ме екен,
Басымнан бұл-бұл ұшып кетер ме екен?
Санама сіңіп қалған есіміңді
Ұмытуға ғұмырым жетер ме екен?

Жан азабын айта алмай бір адамға,
Жарылуға шақпын мен, кінәлама.
Сен сүйеу болса дегем, мына тайғақ
Тағдырымнан сүрініп құлағанда.

Көңіл қалып, оранды төзім кебін.
Сеніп ем: өлең дедім, өзім дедім.
Махаббат па, басқа ма, айырмадым
Жарық күнде зағип боп көзім менің.

Алданышым, арманым, аңсарым ең,
Сезімнің таба алам ба сарсаңына ем?
Қалықтата алмасаң, қанатымды
Қия салшы. Шаршадым. Шаршадым мен...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Шербет пе екен бұл сезім өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Шербет пе екен бұл сезім, сезім туралы өлең, махаббат туралы өлең шумақтары, сезім туралы өлең жолдары, сезим туралы олен жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]