Қазақша өлең: Құралай Омар (Жолымды бөгеді....)

Қазақша өлең: Құралай Омар (Жолымды бөгеді....)

Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.

Сіздегі үнсіздік – ақталу,
Мендегі үнсіздік – кешірім.

Солай-ау шамасы…
Жазмыштың жазуы –
Маңдайға сызғанға көндігу, бағыну.
Тыныштық тағы өлді ауыр дем арқалап,

Сіздегі күрсініс – жалғыздық,
Мендегі күрсініс – сағыну.

Аязға, мұзға да бергісіз,
Жүрекке сұп-суық ерді сыз.
Толқындар жеткізген үніңіз жауратты.

Сіздегі салқындық – үмітті жылату,
Мендегі салқындық… белгісіз…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
құралай омар Жолымды бөгеді өлең стихи на казахском языке куралай омар казакша олен, құралай омар өлеңдері, стихи на казахском языке куралай омар, куралай омар казакша олендер, Жолымды бөгеді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]