Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....)

Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн....)

Жеткізбей арманыма іркеді күн,
Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң.
Жанарым мөлдір тамшы төккенінде
Жүрегін орамал қып сүртеді кім...

Сөздерің сенің ғана жылытады,
Көңілдің өзіңе аян сыры тағы.
Күнтізбе бетін санап отырамын,
Жылжымай ол да дымды құрытады.

Сергелдеңге салады күнім, түнім.
Уысында уақыттың үгітілдім.
Күтуден талып кетті қарашығым,
Көзінен өпші келіп үмітімнің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
құралай омар Жеткізбей арманыма іркеді күн өлең стихи на казахском языке куралай омар казакша олен, құралай омар өлеңдері, стихи на казахском языке куралай омар, куралай омар казакша олендер, Жеткізбей арманыма іркеді күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]