Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Дүние...)
Сол кездер-ай, от кешкен жүрегіммен.
Елең қылмай күйерім, өртенерім.
Көңіл-сынық, бұл күнде өмір-суық.
Е, о бастан бақытым келте менің.
Енді кімге өкпелеп, кінәлайын?
(Көлеңкесін көрсетпес сірә да Айым.)
Ессіз қыздың кеше көр еркелігін,
Тағдырым, сыйды басқа сұрамайын!
Әппақ гүлі сезімнің солады ма,
Білмеймін, көземе у толады ма?
Қара түннің сүйеніп иығына,
Бір жылап алуыма болады ма?
Елең қылмай күйерім, өртенерім.
Көңіл-сынық, бұл күнде өмір-суық.
Е, о бастан бақытым келте менің.
Енді кімге өкпелеп, кінәлайын?
(Көлеңкесін көрсетпес сірә да Айым.)
Ессіз қыздың кеше көр еркелігін,
Тағдырым, сыйды басқа сұрамайын!
Әппақ гүлі сезімнің солады ма,
Білмеймін, көземе у толады ма?
Қара түннің сүйеніп иығына,
Бір жылап алуыма болады ма?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Бақытым сен демейді енді....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Кімге барып шағынайын....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Досым еді кеше - Мұң....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Өкінбеймін)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім.....)

Іздеп көріңіз: