Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Өкінбеймін)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Өкінбеймін)

Өлердей сүйгенім шын.
Сен ғана деп өмірдің мағынасы,
Сен ғана деп базарым, бағым асыл.
Бір-ақ күнде бәрі ұмыт болғаны үшін,
Жүрегіңе кінә артып неғыласың?

Жерден біраз биіктеп кетіп едім,
Шерге оранып оралды көкірегім.
Кінәлама қырсықтау мінезімді.
Кінәлама жүректі, өтінемін.

Енді өзіңсіз, білмеймін, күле алам ба?
Сергелдең көп болады-ау, сірә, адамда?
Қыз біткеннен қызғанып, жылап қалар
Жасы кеппес жүректі кінәлама.

Ұша алмаса қайтейін өрге құсым,
Түсе алмаса төменге төрдегім шын.
Кінәлама.
Менің зағип көздері жүрегімнің,
Жазалы емес тек сені көргені үшін…
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Өкінбеймін өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Өкінбеймін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]