Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Монолог)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Монолог)

Құзғын-қайғы керіп қара қанатын,
Таусылуға айналғанда тағатым.
Сабыр деген сары алтыным сыр беріп,
Жанарыма қамалғанда қара түн:

Жаным - жарқын жақсылықты аңсап бір,
Кірпігімнен үзіледі моншақ құр.
Жалғанымның бетпердесін ашып ем,
Жан-жағымды аш бөрілер қоршап тұр.

Біле алмадым: өңім бе бұл, түсім бе,
Қарманамын қалың тұман ішінде.
Жалғыз жылап, үнсіз келе жатамын,
Сорбұлақтың суатынан ішуге.

Жүзім-көктем, жүрегімде - күз менің,
(Көктемімнен күдерімді үзбедім).
Тірілерден бір таяныш таба алмай,
Өлең-оймен Өлілерді іздедім.

Өмір жолы боран болып ызғарлы,
Жүректерін жіберді ме мұз қарып.
Тірілер жүр Өлілердің мәңгілік,
Көріндегі тыныштығын қызғанып.
Солай...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Монолог өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Монолог

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]