Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Біз екеуміз)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Біз екеуміз)

Тағдырдың отына күймеген шынармын,
Жаныма болады сыңар кім?
Дүние-дүрмектің бәрін де ұмытып,
Мен бұлай ешкімді сүймеген шығармын?!

Ақ бұлтпен астасып арманның аспаны,
Аяулы шақтарым бақытқа бастады.
Біз кешкен бал сәтті бұрын да сезініп,
Сен сүйіп көріп пе ең басқаны?

Жарығым, жазмышқа жайым жоқ алаңдар,
Тексіздер таптаған тірліктен табам ба ар?
Білгенге, бір ғана жүрекпіз – Екеуміз,
Айыра алмайды адамдар!

Ой-теңіз, тылсымы тартады тереңге,
Өлшеулі өмірміз – айналар өлеңге.
Мүлде екі қалада жүрсек те, сен-бей-міз,
Қосылмау – қасірет дегенге!

Тағдырдың отына қанатым күйсе егер,
Сен едің бейдауа дертімді түйсінер.
Жазылған жырым(ң)ды тергейді несіне,
(Сүйсе егер)... Біздей боп сүйсін ел!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Біз екеуміз өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Біз екеуміз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]