Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жазбады....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жазбады....)

Жазбады. Жазбады-м көптен жыр.
Өксіген жүрек бұл өкініп.
Көшеде адасып көктем жүр,
Қараша келгені ө-ті-рік.

Күнтізбе бетіне кектенем,
Ғазалым жетер ме ғарышқа?
Ақ бұлтқа ілесіп кеткен ем,
Арманым бармады алысқа.

...Ол күз бен бұл күздің арасы -
Жұтылған уақыт па, өзім бе?
Көшеде көктем жүр бал ашып,
Бір үміт жүзеді көзімде.

Бір үміт жүзеді көзімде,
Жүректе ауыр ой жаншылар.
Ол бәлкім, тұра алмай сөзінде,
Қапыда қоштасқан жан шығар?

Өткен күн көңілден өше ме,
Көше ме тағдырмен таласа?
Жапырақ кешеміз көшеде -
Адасқақ көктем. Мен. Қараша.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Жазбады өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Жазбады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]