Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (..ал ғайыпта Ақжайыққа келді күз.)
..ал ғайыпта Ақжайыққа келді күз.
(Соңғы күні кездесіп ек тамыздың).
Енді қашан көретінім белгісіз,
Сізді, жаны ізгім!
Шақырымдар алыстатпас араны.
Екі қала – екі бөлек тірлік те.
Самал ескен сағыныштың аралы
Бізге мекен болатынын білдік пе?
Сол аралда қызығым да, қайғым да.
Жан дертіме таба да алмас түн емін.
Бір арманы болар ма екен Айдың да?
Маған бақыт – Сізді көрген күндерім.
Елесіңе елітумен өтер күн,
Өз мұңымды өзім жалғыз көтердім.
..Ақжайыққа алтын зерлі Күз келді.
Ал мен Сізді қашан көрер екенмін???
(Соңғы күні кездесіп ек тамыздың).
Енді қашан көретінім белгісіз,
Сізді, жаны ізгім!
Шақырымдар алыстатпас араны.
Екі қала – екі бөлек тірлік те.
Самал ескен сағыныштың аралы
Бізге мекен болатынын білдік пе?
Сол аралда қызығым да, қайғым да.
Жан дертіме таба да алмас түн емін.
Бір арманы болар ма екен Айдың да?
Маған бақыт – Сізді көрген күндерім.
Елесіңе елітумен өтер күн,
Өз мұңымды өзім жалғыз көтердім.
..Ақжайыққа алтын зерлі Күз келді.
Ал мен Сізді қашан көрер екенмін???
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сізді неге сағынады екенмін?)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Көктем дейді...)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жүрегімде жалғыз аққу бар менің....)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Түн баласы кірпік ілмей қаңғырған...)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Мына сұп-сұр жер бетіне....)

Іздеп көріңіз: