Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Тағы да сол...)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Тағы да сол...)

Тағы да сол...
Мұң аймалап жанымды,
Тамырымды Айға ұстатып түн қаттым.
Арманымнан - азабыма айналған,
Жырыңызды жұлдыздарға тыңдаттым.
Сіздей мені сағынатын жоқ ешкім,
Мендей Сізге табынатын жоқ ешкім.
Айдалада ақбөкендей адасқан,
Бұл халімнен арылатын емеспін.

Тағы да сол...
Тыныштықта тербелу,
(Қашан балмен алмасады мендегі у).
Жер бетінде жалғыз адам бар сынды,
Сізді күтіп тағат, төзім таусылды.
Мейірімсіз телефон да тым-тырыс,
Естіртпейді даусыңды!
- Күн-көркіңді көзірі етіп үр-бақтың,
Түнгі ұйқыңды кімге, жаным, ұрлаттың?
- Мендегі ойдың мейманы тек Сіз деймін:
Өмірімнен бақ бұйырмай,
Өлеңіме көшкен қымбаттым
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақытгүл бабаш Тағы да сол... өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Тағы да сол...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]