Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)
![Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-03/1458063482_mfq7hhov0rk.jpg)
Уақыт баяу... тез өтеді,
Жылап аққан жылға сынды,
Бізді жылдар сөз етеді,
Сөз етеміз біз ғасырды.
Қандай еді парқы, білсең,
Біле алмасаң - сорың дағы.
Өмір деген - жарты күлше,
Жетім ұлдың қолындағы.
Бəлкім соны көз етеді,
Оң мен теріс - ызба сынды.
Бізді жылдар мезі етеді,
Мезі етеміз біз ғасырды...
Келері - жұп, кетері - тақ,
О, не деген бейқам адам?!
...Жан жұмбағы - көне кітап,
Соқыр ойың сипалаған.
Жылап аққан жылға сынды,
Бізді жылдар сөз етеді,
Сөз етеміз біз ғасырды.
Қандай еді парқы, білсең,
Біле алмасаң - сорың дағы.
Өмір деген - жарты күлше,
Жетім ұлдың қолындағы.
Бəлкім соны көз етеді,
Оң мен теріс - ызба сынды.
Бізді жылдар мезі етеді,
Мезі етеміз біз ғасырды...
Келері - жұп, кетері - тақ,
О, не деген бейқам адам?!
...Жан жұмбағы - көне кітап,
Соқыр ойың сипалаған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: