Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Кісі биік болады кешіріммен)
Кісі биік болады кешіріммен,
Кірер сәтте рахымның есігінен!
...Есімімді ешкімге айта көрме,
Атай көрме ешкімді есіміммен!
Құрметіңді мен содан біліп тұрам,
Ал қалғанын о, бәлкім, жыл ұқтырар...
Жылдар өтер, көнерген сүгіреттен,
"Кешірдім - деп - Мен Сені" күліп тұрам!
Ертеңіңде бармын мен, тірімін мен,
Жоғалсам да жалғаншыл бүгініңнен.
Таспаларға жазылған дауысымның
Есіміңді танырсың дірілінен!..
Кірер сәтте рахымның есігінен!
...Есімімді ешкімге айта көрме,
Атай көрме ешкімді есіміммен!
Құрметіңді мен содан біліп тұрам,
Ал қалғанын о, бәлкім, жыл ұқтырар...
Жылдар өтер, көнерген сүгіреттен,
"Кешірдім - деп - Мен Сені" күліп тұрам!
Ертеңіңде бармын мен, тірімін мен,
Жоғалсам да жалғаншыл бүгініңнен.
Таспаларға жазылған дауысымның
Есіміңді танырсың дірілінен!..
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: