Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қарөлең)
Əппақ қар,
Аспаннан қалықтап келеді,
Бұлттан да биік бір əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!
Сенеді ол,
Күтер деп бір адам,
Бір адам - сенетін арманға,
О, мейлі ол таза емес күнəдан,
О, мейлі ол ақ емес қардан да,
Бір адам - үмітке сенетін,
Көнетін, сол үшін, көнсе де,
О, мейлі ол кітаптай көне тым,
О, мейлі ол отызға келсе де.
Сенеді ол,
Күтер деп көз ілмей,
Өзіндей, жүрсе де қай маңда,
О, мейлі ол жабайы - сезімде,
О, мейлі ол ақымақ - ойлауда.
Бір адам - сенетін жаңаға,
Келетін жол кешіп қаншама,
О, мейлі ол ұқсайды балаға,
О, мейлі, ол ақын болса да.
Əппақ қар,
Шалықтап, қалықтап келеді,
Періште тұратын əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!
Аспаннан қалықтап келеді,
Бұлттан да биік бір əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!
Сенеді ол,
Күтер деп бір адам,
Бір адам - сенетін арманға,
О, мейлі ол таза емес күнəдан,
О, мейлі ол ақ емес қардан да,
Бір адам - үмітке сенетін,
Көнетін, сол үшін, көнсе де,
О, мейлі ол кітаптай көне тым,
О, мейлі ол отызға келсе де.
Сенеді ол,
Күтер деп көз ілмей,
Өзіндей, жүрсе де қай маңда,
О, мейлі ол жабайы - сезімде,
О, мейлі ол ақымақ - ойлауда.
Бір адам - сенетін жаңаға,
Келетін жол кешіп қаншама,
О, мейлі ол ұқсайды балаға,
О, мейлі, ол ақын болса да.
Əппақ қар,
Шалықтап, қалықтап келеді,
Періште тұратын əлемнен.
Ол соған сенеді -
Сенем мен!
Ақ қардың,
алқызыл жүрегі болады,
Сұлудың жүрегі сыңайлы,
Сондықтан кейде олар тоңады,
Кейде олар сондықтан жылайды.
Жап-жасыл жаны да болады,
Шайырдың жанындай шалдыққан,
Сондықтан кейде олар жаралы,
Кейде олар ериді сондықтан.
Бар оның аспан түс жанары,
Сəбидің көзіндей арайлы,
Сондықтан бəріне ол жауады,
Сондықтан бəріне ол қарайды,
Алалап бөлмейді ешбірін,
Кетпейді ешкімді қалдырып,
Жауады - секілді кешкі мұң,
Жауады - секілді таңғы үміт.
алқызыл жүрегі болады,
Сұлудың жүрегі сыңайлы,
Сондықтан кейде олар тоңады,
Кейде олар сондықтан жылайды.
Жап-жасыл жаны да болады,
Шайырдың жанындай шалдыққан,
Сондықтан кейде олар жаралы,
Кейде олар ериді сондықтан.
Бар оның аспан түс жанары,
Сəбидің көзіндей арайлы,
Сондықтан бəріне ол жауады,
Сондықтан бəріне ол қарайды,
Алалап бөлмейді ешбірін,
Кетпейді ешкімді қалдырып,
Жауады - секілді кешкі мұң,
Жауады - секілді таңғы үміт.
Қалықтап келеді -
Құстардай, көліне оралған,
Ұлдардай, еліне оралған,
сəттердің бəрі үшін жоғалған,
сəттердің бəрі үшін тоналған,
Қалғандар үшін де оралмай!
Келеді,
келеді асығып,
Азырақ тұрады қона алмай,
Азырақ аптығы басылып,
Жəутеңдеп жоқ күткен жанардай,
Кешіккен көп күткен адамы,
Қанаты талса да қона алмай,
Тауларды, көлдерді, даланы
Айналып ұшады əппақ қар,
Өзінің ұясын таба алмай,
Талдарға, шатырға, соқпаққа,
Мүсінге, сымдарға қона алмай,
Сұлудың шашына қона алмай,
Қона алмай қолына баланың,
Мылтықтан үріккен маралдай,
Төсінде дүркіреп даланың,
Ұшады əппақ қар төбеңде,
Ұшады ең көркем сəлем боп,
...Бір кезде қонады өлеңге,
Жауады содан соң өлең боп!
Құстардай, көліне оралған,
Ұлдардай, еліне оралған,
сəттердің бəрі үшін жоғалған,
сəттердің бəрі үшін тоналған,
Қалғандар үшін де оралмай!
Келеді,
келеді асығып,
Азырақ тұрады қона алмай,
Азырақ аптығы басылып,
Жəутеңдеп жоқ күткен жанардай,
Кешіккен көп күткен адамы,
Қанаты талса да қона алмай,
Тауларды, көлдерді, даланы
Айналып ұшады əппақ қар,
Өзінің ұясын таба алмай,
Талдарға, шатырға, соқпаққа,
Мүсінге, сымдарға қона алмай,
Сұлудың шашына қона алмай,
Қона алмай қолына баланың,
Мылтықтан үріккен маралдай,
Төсінде дүркіреп даланың,
Ұшады əппақ қар төбеңде,
Ұшады ең көркем сəлем боп,
...Бір кезде қонады өлеңге,
Жауады содан соң өлең боп!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұлы махаббат)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Айым сенсіз күн кешу қиын маған)
» Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Ана тілі + видео)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәлкім кейін түсінерсің)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жазылмаған жырым сенсің)
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Ұлы махаббат)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Айым сенсіз күн кешу қиын маған)
» Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Ана тілі + видео)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәлкім кейін түсінерсің)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жазылмаған жырым сенсің)
Іздеп көріңіз: