Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Батыс дұғасы)
Бұрын, бұрын бір сөзді білуші едім,
Іштей ғана қайталап жүруші едім,
Кейін соны ұмыттым... неге ұмыттым,
Не біліп кеп, өмірден не біліппін?!
Қалың-қалың томдардан таба алмадым,
Қиыр-қиыр жолдардан таба алмадым,
Таба алмадым мұражай, мұрағаттан,
Далалардан, өзеннен құлап аққан,
Мезгілдерден, маусымдар жаңбырынан,
Ақшамдағы шұғыла таң нұрынан,
Дұғасынан молданың, шаманның да,
Таба алмадым, білмеймін, таба алдым ба,
Әйтеуір мен, жүректің бар арманын,
Іздегенін, тапқанын, жоғалғанын,
Сол бір сөзбен айтсам деп саған, жаным,
Көздеріңнен көзімді ала алмадым!
Іштей ғана қайталап жүруші едім,
Кейін соны ұмыттым... неге ұмыттым,
Не біліп кеп, өмірден не біліппін?!
Қалың-қалың томдардан таба алмадым,
Қиыр-қиыр жолдардан таба алмадым,
Таба алмадым мұражай, мұрағаттан,
Далалардан, өзеннен құлап аққан,
Мезгілдерден, маусымдар жаңбырынан,
Ақшамдағы шұғыла таң нұрынан,
Дұғасынан молданың, шаманның да,
Таба алмадым, білмеймін, таба алдым ба,
Әйтеуір мен, жүректің бар арманын,
Іздегенін, тапқанын, жоғалғанын,
Сол бір сөзбен айтсам деп саған, жаным,
Көздеріңнен көзімді ала алмадым!
Парасатсыз һәм парықсыз өтті күн,
Хәл сұрайтын қалқатай да жоқ бүгін.
Бөтендігі білінеді өзгенің,
Әлдекімге сезіледі жаттығым.
Менің досым, сен де оны дос, түсін,
Талғамай-ақ еркесі мен естісін,
Бір сұлудан келе жатар таңертең,
Бір сұлуға бара жатар кешкісін,
Ол өкпесіз жан еді бір өмірге,
Сүю үшін салмақ салмас сенімге.
Кете салам деуші еді сол Әпендім,
Кете салғым келетіні-ай менің де!
Хәл сұрайтын қалқатай да жоқ бүгін.
Бөтендігі білінеді өзгенің,
Әлдекімге сезіледі жаттығым.
Менің досым, сен де оны дос, түсін,
Талғамай-ақ еркесі мен естісін,
Бір сұлудан келе жатар таңертең,
Бір сұлуға бара жатар кешкісін,
Ол өкпесіз жан еді бір өмірге,
Сүю үшін салмақ салмас сенімге.
Кете салам деуші еді сол Әпендім,
Кете салғым келетіні-ай менің де!
Өмір - Өмір! Басқа атауы бар ма оның?!
Таңда өзің ауыры мен жеңілін.
Өмір - сенің үмітің мен арманың,
Қуанышың, қайғы-мұңың, сенімің.
Маңызды емес қашан, қайдан басталды,
Соңын іздеп, не етесің, дос, не үшін деп!..
...Сағындырып тұру керек достарды,
Сағынышын басу үшін "досым!" деп.
Қойшы, қалқам, пәлсапаны, түйгенді,
Бір анық қой түбіне оның жетпесің.
... Өкпелетіп қою керек сүйгенді,
"Жарығым!" деп жазу үшін өкпесін.
Осы ғана! Жеңісің ғой - әр күнің,
Болады оның жемісін де жиюға.
...Ауырлатпау өзгелердің тағдырын,
Айтшы, күнім, бізге сонша қиын ба?
Таңда өзің ауыры мен жеңілін.
Өмір - сенің үмітің мен арманың,
Қуанышың, қайғы-мұңың, сенімің.
Маңызды емес қашан, қайдан басталды,
Соңын іздеп, не етесің, дос, не үшін деп!..
...Сағындырып тұру керек достарды,
Сағынышын басу үшін "досым!" деп.
Қойшы, қалқам, пәлсапаны, түйгенді,
Бір анық қой түбіне оның жетпесің.
... Өкпелетіп қою керек сүйгенді,
"Жарығым!" деп жазу үшін өкпесін.
Осы ғана! Жеңісің ғой - әр күнің,
Болады оның жемісін де жиюға.
...Ауырлатпау өзгелердің тағдырын,
Айтшы, күнім, бізге сонша қиын ба?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: