Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұйқысыздық)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұйқысыздық)

Түзелмеу?!.
Бір қисық шегедей заманның суреті ілінген,
Жап-жас арқаммен көтердім бәрін,
Ұлымдай, уақыт секілді қарсылай жүгірген,
Шырқайды ойлар еркіндік әнін.
Шырақтай,
Дәптерді құшардай ұмтылған алауы,
Жел соққан түндерде аяулым жаққан;

Неде екен дейсің бе ақынның қалауы?..

...Өзенмін, армандар даласын құшақтап аққан,
Ондағы гүлдерді суармас ешкім де –
Қисық айналар қойылған мекен...
Айнадан айнаға елестей көштің бе,
Кештің бе сезімді бөтен?..

Кештім бе, кештім бе сол бөтен сезімді,
Кештім бе сезімді өзімді жеңген,
Сағыныш тамыры сияқты сезінем өзімді,
Иір де шиыр боп жүрекке енген,

Үміттің қанаты секілді,
Қаққанда – шашылар қауырсындары,
Ол таңғы шық болып таматын секілді,
Қонатын секілді әлемнің жаны.

Атқанда сол ақ таң,
мен көрмес сол шықты түпкі бір ойдағы –
Тас дәуірінен кеп тасбақа ішер,
Жеткенше ол –
қиратып бар қисық айнаны,
Маңдайға түп-түзу бір әжім түсер!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Ұйқысыздық өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Ұйқысыздық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]