Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұзақ қарап тұрсаң егер жаңбырға...)
![Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұзақ қарап тұрсаң егер жаңбырға...)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-03/1458063482_mfq7hhov0rk.jpg)
Ұзақ қарап тұрсаң егер жаңбырға -
бір тамшының көлеміне сыяр күн:
...Тіл тигізіп көргенім жоқ тағдырға,
Тəңірімнен ұялдым.
Жер бетіне тамшылармен тамар күн -
шұғыласы секілденіп қиялдың:
...Жамандығын айтқаным жоқ жаманның,
Жақсылардан ұялдым.
Əр тамшыға сыңар еттім сезімді,
Содан оны жүрегіме құя алдым:
...Сұлулардан алып қаштым көзімді -
Сүйген жардан ұялдым.
Періштедей енген таңғы түсіме,
Табиғаттан таңғажайып сый алдым:
Қатты дауыс көтермедім кішіге -
Үлкендерден ұялдым.
Биіктен кеп, батып жатты тереңге -
Соны көріп, өлімді еске жиі алдым:
...Мен өтірік айтқаным жоқ өлеңге -
Болашақтан ұялдым.
бір тамшының көлеміне сыяр күн:
...Тіл тигізіп көргенім жоқ тағдырға,
Тəңірімнен ұялдым.
Жер бетіне тамшылармен тамар күн -
шұғыласы секілденіп қиялдың:
...Жамандығын айтқаным жоқ жаманның,
Жақсылардан ұялдым.
Əр тамшыға сыңар еттім сезімді,
Содан оны жүрегіме құя алдым:
...Сұлулардан алып қаштым көзімді -
Сүйген жардан ұялдым.
Періштедей енген таңғы түсіме,
Табиғаттан таңғажайып сый алдым:
Қатты дауыс көтермедім кішіге -
Үлкендерден ұялдым.
Биіктен кеп, батып жатты тереңге -
Соны көріп, өлімді еске жиі алдым:
...Мен өтірік айтқаным жоқ өлеңге -
Болашақтан ұялдым.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: