Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ана жайлы ең жақсы сөз...)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ана жайлы ең жақсы сөз...)

"Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.

Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.

Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты,
Тауды,
Көлді,
Ай сəулесін,
Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.

Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!

Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені -
Ана жайлы айтқан сөзі болады.

Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде -
Ұлым, сенің есімің!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Ана жайлы ең жақсы сөз... өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Ана жайлы ең жақсы сөз..., ана туралыөлеңдер, ана мама туралы өлеңдер, ана туралы өлеңдер жинағы, ана туралы өлең жолдары, анашым олен, анашым олен ана өлең, 8 наурыз өлеңдер, 8 наурызға өлеңдер, 8 наурыз өлең жолдары, 8 наурыз өлеңдері, ана туралы өлең сөздері, стихи на казахском языке про маму, стихи на казахском языке 8 марта, стихотворения на казахском языке на 8 марта, стихи маме на 8 марта на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]