Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз отызда қартая ма, мұның не?!.)
Тіземнің дірілдегені есімде,
Даусымның дірілдегені,
Күлімдегені есімде құрбыңның,
Құрбыңның күлімдегені.
Гүл сатып ала алмағаным,
Сұлулық сатылмайды!
Құрбыңның сыбырлағанындай,
Бозбала ақын жайлы...
Сен оны неге саттың,
Жылдарға неге саттың,
Мұңдарға неге саттың,
Құрбыңа неге саттың?!.
Құрбыңның күлімдегенін,
Үндемей өткеретінім...
Сол сəтте білінбеп еді,
Күлкіні жек көретінім!..
Қоштасқан бір көктемім,
Білмедім, көктеміңнің бірге өткенін...
...Шəлің қайда, жалын қайда мен күйген,
Бұл не еткенің, құрбыжан?!.
Даусымның дірілдегені,
Күлімдегені есімде құрбыңның,
Құрбыңның күлімдегені.
Гүл сатып ала алмағаным,
Сұлулық сатылмайды!
Құрбыңның сыбырлағанындай,
Бозбала ақын жайлы...
Сен оны неге саттың,
Жылдарға неге саттың,
Мұңдарға неге саттың,
Құрбыңа неге саттың?!.
Құрбыңның күлімдегенін,
Үндемей өткеретінім...
Сол сəтте білінбеп еді,
Күлкіні жек көретінім!..
Қоштасқан бір көктемім,
Білмедім, көктеміңнің бірге өткенін...
...Шəлің қайда, жалын қайда мен күйген,
Бұл не еткенің, құрбыжан?!.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: