Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Құс қайтып келді...)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Құс қайтып келді...)

Беймезгіл шақта ол қайтып келді,
Тағдырдан, әлде, жаңбырдан...
Жанының мұңын жолға айтып келді,
Жол қайтып келді абдырған.

«Қайтқан ойлардың кемел ме бәрі,
Ұшарда оны не қақты?!» -
Тәкаппар таулар төмен қарады,
Таза бұлақтар кері ақты.

Құс қайтып келді:
Омбы қарларға,
Көшкен сеңдерге «қош» десіп.
...Анау бір төрде домбыра қалды,
Анау бір жерде бос бесік...

Жабуы жүктің желпілдеп келді,
Селдіреп келді желегі,
Ботадай көзі мөлтілдеп келді –
Боздамаса екен дегені...

Махаббат әні – мұңдарда қалар,
Махаббат – мұндар, шерменде!
Қыжыл сөз ізі құмдарда қалар,
Көз жасы ізі – көлдерде.

Өтеуі жүрек – өкпелі болса,
Жасасын ұлы құштарлық!
...Көшкен бір жұртта көктемі қалса,
Қайтармаңдаршы құстарды!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Құс қайтып келді... өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Құс қайтып келді..., құс туралы өлең, құстар туралы өлең шумақтары, құстар туралы өлең жолдары, кус туралы такпак, кустар туралы олен, стихи на казахском языке про птиц

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]