Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Мұңұрған)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Мұңұрған)

Күз неге жылайды, мен бе екем жылатқан?!
Жапырақ құлайды,
Құлатқан –
мен емес тағы да!
Кешірді ол басынан не дәуір?
О, бірақ осының барлығы жаныма,
Соншалық неге ауыр?
Неліктен кінәлі сезінем өзімді,
көзінің жасына?
Сүюді, сезуді,
үйреткендегің осы ма, Қыркүйек?
Дертіңді көтерту үшін бе?
Жұтқызып жасыңды?
Күзгі бак ішінде қаңғыртып басымды?
Сұранам, сездіргің келеді о, нені?
Жапырақ құлаған –
жылаған жүректің өлеңі екенін өзім де білемін!
Есіме салмашы!
Дерт – өлген!
Жүрегім –
онсыз да, күз, сенің кітабың...
Қараша түнінде өртелген!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан жүніс Мұңұрған өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Мұңұрған

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]