Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Онлайндағы сезім уілі)

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Онлайндағы сезім уілі)

Кірпігіңе Күн шомылып, сезім күлген, арайлым,
Ғаламтордағы ғажайып суретіңе қараймын...
Қарай-қарай қабағымда бүршік атып аппақ мұң,
Ғашықтықпен ақыры маңдайыңа тоқтаппын.
Сонсо-оң... ой-бо-ой.., армандау..., қайдағыны ойға алу...
Қиялдану... Қиялдау...
Мендік Қиял – Жазмышыңа айналу!
Солай, еркем, түсінші...
Ойың – сұлу, пәк – басың,
Сөз оғынан Жаныңды көз сұғынан сақтасын.
Монитордан мөлдіреп жүрегімді гүлдеттің,
Махаббаттың самалын сезінбеппін, білмеппін!
Бақыт деген осы ма?!
Мүмкін, сорым шығарсың?
Ойхой, мына мүсінмен...
Мың ақынды ғашық қып, миллион жанға ұнарсың!
Сенің әзіз алдыңда барлық еркек некелі,
Құмарлықтың демімен құмға сіңіп кетеді.
Жан әлемін билетіп, армандарға гүл қадап,
Сені сұлу жаратқан Жаратқанға мың мадақ!
Міне, осылай сөзімнен нұр саулаттым – жасыл нұр,
Ғашық еттің қайтейін... Бақыт гүлің ашылғыр!
Сені ойлау – Сағыныш және тәтті қайғыру...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан қарағызұлы Онлайндағы сезім уілі өлең олен бауыржан карагызулы стихи на казахском языке, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, бауыржан карагызулы олендери, стихи на казахском языке бауыржан карагызулы, акын бауыржан карагызулы, Онлайндағы сезім уілі, сезім туралы өлең шумақтары, сезим туралы өлеңдер, сезім туралы өлеңдер, стихи на казахском языке про чувство

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]