Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Мөлт)
Махаббат,
түсін мені,
Мені Олар түсінбеді.
Мөлт етсе, жасыл тамшы,
Ойымның ішіндегі...
– ...
Дәл солай...
Сарғайған қайғы едің де,
Сағыныш үніндегі.
Уілдеп Ай демінде,
Арманы күлімдеген.
– ...
Мен Қара Өлең едім,
Сен Қоңыр Әуен едің.
Мен күйге бөленемін,
Сен сөзге әуеледің.
Мен күйден тылсым аулап,
Сен сөзбен бал ашасың.
Қасірет құрысын, аулақ,
Түн неткен тамашасың?!
Махаббат?!
–?!
Мен неге үндемедім?!
Сен неге үндемедің?!
Осылай болатынын,
Сезгенмін, білген едім.
Бұл бәлкім, Тағдыр шығар?
Бақұл бол, ей, елес-Түн.
Жылаған жаңбыр шығар,
Жылаған мен емеспін!
Енді сен өтінемін,
«Уақыт – алтын» деме.
Сол үшін өкінемін...
... Түн бүгін салқын неге?!
түсін мені,
Мені Олар түсінбеді.
Мөлт етсе, жасыл тамшы,
Ойымның ішіндегі...
– ...
Дәл солай...
Сарғайған қайғы едің де,
Сағыныш үніндегі.
Уілдеп Ай демінде,
Арманы күлімдеген.
– ...
Мен Қара Өлең едім,
Сен Қоңыр Әуен едің.
Мен күйге бөленемін,
Сен сөзге әуеледің.
Мен күйден тылсым аулап,
Сен сөзбен бал ашасың.
Қасірет құрысын, аулақ,
Түн неткен тамашасың?!
Махаббат?!
–?!
Мен неге үндемедім?!
Сен неге үндемедің?!
Осылай болатынын,
Сезгенмін, білген едім.
Бұл бәлкім, Тағдыр шығар?
Бақұл бол, ей, елес-Түн.
Жылаған жаңбыр шығар,
Жылаған мен емеспін!
Енді сен өтінемін,
«Уақыт – алтын» деме.
Сол үшін өкінемін...
... Түн бүгін салқын неге?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: