Қазақша өлең: Көтеш ақын (Қартайғанда қатының дұшпан болды)
Қартайғанда қатының дұшпан болды,
Баласымен бірігіп қысқан болды.
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келін менен балаға жазба дейді.
Ат болса, айғыр болса, солар мініп,
Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.
«Бала, бала!» деуменен мазалымыз,
Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр түр тажалымыз!
Баласымен бірігіп қысқан болды.
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келін менен балаға жазба дейді.
Ат болса, айғыр болса, солар мініп,
Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.
«Бала, бала!» деуменен мазалымыз,
Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр түр тажалымыз!
Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма,
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?
Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,
Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады.
Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың,
Не малдан, не перзенттен кем боларсың.
Қарап жүрген Көтешке тиемін деп,
Баласына Құлболдының жем боларсың.
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?
Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,
Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады.
Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың,
Не малдан, не перзенттен кем боларсың.
Қарап жүрген Көтешке тиемін деп,
Баласына Құлболдының жем боларсың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қартайғанда айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрілік)
» Қазақша өлең: Балғынбек Имашев (Агенттің айтқыштары)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Келін жақсы болса)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қартайғанда айтқаны)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Кәрілік)
» Қазақша өлең: Балғынбек Имашев (Агенттің айтқыштары)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Келін жақсы болса)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
Іздеп көріңіз: