Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Сезіну)

Қазақша өлең: Есенбай Дүйсенбайұлы (Сезіну)

«Долы сия, ащы тіл» айтқанымен
Қайран жұртқа келеді араласқым!
Жаным ашып, аяймын, кектенемін,
Жақсы болса қазағым деп келемін.
Жек көріп-ақ
- Абайша сүйеді екем,
Сүйе тұрып - Абайша жек көремін.
Соза жүріп сорлыға көмек қолын,
Ызаланғым келеді ебектегім...
«Менің сырым, жігіттер, емес оңай»,
Сүюім де күюім бөлек менің.
Here олай екенін өзім білмен,
Жауап іздеп түндерде көзімді ілмен...
Құдайекең кешірсін, өзімді дәл
Құнанбайдың ұлындай сезіндім мен!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
есенбай дүйсенбайұлы Сезіну өлең олен стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, есенбай дүйсенбайұлы өлеңдері қазақша, есенбай дуйсенбаев казакша олендери, стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, Сезіну

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]