Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Ағаны аңсау)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Ағаны аңсау)

Тоқсанға толған күніңде,
Тоғыса алмадың халқыңмен.
Көрісе алмадың дүние,
Дүрілдеп тұрған даңқыңмен.
Таусылды, тағат амалым,
Даусыңды ғана тыңдатып.
"Жоқ" деген қиын қамалдың
Ар жағынан үн қатып.
Ғайып боп ғажап кескінің -
Патшадай мүсін, ай маңдай.
Қағасың бұлдыр кешқұрым,
Ауаға жұпар жайғандай.
Қайтара алмай өзіме
Алланың қатал бұйрығын,
Көрінбей қалдың көзіме,
Айбыны асқар биігім.
Халықпен өмір бір кешкен
Даңғайыр, дархан данышпан.
Еңбегіңді айтып түгеспен,
Қадіріңді айтып тауыспан.
Сағындым мұңнан айықпай,
"Қасымда жоқ" деп ағам да.
Ескексіз мынау қайықтай
Қалтылдап тұрған заманда.
Баяны қысқа аз дәурен,
Өтерсің сен де біздерден.
Арыстандарды аңсаумен
Арыстарымды іздеумен.

1992
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Ағаны аңсау өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ағаны аңсау, аға туралы өлең шумақтары, аға туралы өлең жолдары, аға туралы олен, ага туралы олен жолдары, ага туралы олен шумактары, стихи на казахском языке про брата

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]