Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Орман сыры)
СССР Жоғарғы Советінің депутаты,Ұлы Отан соғысының батыры, комиссар Хаби Хабиббуллинге ескерткіш
Орман, орман! Ұлы орманы орыстың,
Сан өртеніп, сан көктедің, толыстың.
Бақытты екен
Байтақ Русь сенімен,
Оның талай тағдырына болыстың.
Оның талай болдың қорған, панасы,
Кетсе қызып өмір-өлім таласы.
Жығылмады саған сүйеп маңдайын,
Қансыраса қайран елдің баласы.
Тостың үнсіз өрт-түтінге денеңді,
Оқ мүжіді ерке қайың, еменді.
Таусылмадың, тамырыңды нық сақтап,
Сүйдің біздей махаббатпен сен елді.
Сүйдің асыл топырағың - Русьті,
Сенен бұрын оқтың уын кім ішті?
Сұрқия жау табиғатты тонады,
Көрді ме жер одан өткен қылмысты?
Сонда елімнің шарт түйілген сертіндей,
Сен де берік сенім жинап, серпілмей.
Жанып келіп құшақтаса бір ұлың,
Бірге өртеніп кете бардың өкінбей.
О, дариға, ойшыл қария, орманым,
Ол күніңнің ойға батып шол бәрін.
Тұрдың-ау бір селдір шашың желбіреп,
Жара-жара оң қарың да, сол қарың!
Еске түссе тебіреніп кетем мен,
Сондай болар ұлы борыш өтелген.
Елестейді мықты шалы орыстың
Қайыспастан қасіретін көтерген.
Орман, орман!
Болмас, сірә, ол ұмыт,
Көңілімде толы қиял, толы үміт.
Сол денеңе, сом денеңе сүйеніп,
Тұрмын тағы мен сенімен жолығып.
...Ауа мөлдір, бір тыныштық айнала,
Сыбдырлайсың, сыңғырлайсың жай ғана.
Тұр төгіліп мейіріміңдей жемісің,
Сыртта сонау көсілді бай дала.
Бала ағаштар бауырыңа жарасқан,
Тас төбеңде кірбіңі жоқ ақ аспан.
Бәрі түгел - емен жігіт, қыз қайың,
Бой түзеген, бойлап көкпен таласқан.
Кенет тағы неге шулап жөнелдің,
Тебіренер болды қандай себебің?
Не деп кеттің, сөйлемек пе бір өмір,
Орман, орман!
Қайталашы, не дедің?!
Сан өртеніп, сан көктедің, толыстың.
Бақытты екен
Байтақ Русь сенімен,
Оның талай тағдырына болыстың.
Оның талай болдың қорған, панасы,
Кетсе қызып өмір-өлім таласы.
Жығылмады саған сүйеп маңдайын,
Қансыраса қайран елдің баласы.
Тостың үнсіз өрт-түтінге денеңді,
Оқ мүжіді ерке қайың, еменді.
Таусылмадың, тамырыңды нық сақтап,
Сүйдің біздей махаббатпен сен елді.
Сүйдің асыл топырағың - Русьті,
Сенен бұрын оқтың уын кім ішті?
Сұрқия жау табиғатты тонады,
Көрді ме жер одан өткен қылмысты?
Сонда елімнің шарт түйілген сертіндей,
Сен де берік сенім жинап, серпілмей.
Жанып келіп құшақтаса бір ұлың,
Бірге өртеніп кете бардың өкінбей.
О, дариға, ойшыл қария, орманым,
Ол күніңнің ойға батып шол бәрін.
Тұрдың-ау бір селдір шашың желбіреп,
Жара-жара оң қарың да, сол қарың!
Еске түссе тебіреніп кетем мен,
Сондай болар ұлы борыш өтелген.
Елестейді мықты шалы орыстың
Қайыспастан қасіретін көтерген.
Орман, орман!
Болмас, сірә, ол ұмыт,
Көңілімде толы қиял, толы үміт.
Сол денеңе, сом денеңе сүйеніп,
Тұрмын тағы мен сенімен жолығып.
...Ауа мөлдір, бір тыныштық айнала,
Сыбдырлайсың, сыңғырлайсың жай ғана.
Тұр төгіліп мейіріміңдей жемісің,
Сыртта сонау көсілді бай дала.
Бала ағаштар бауырыңа жарасқан,
Тас төбеңде кірбіңі жоқ ақ аспан.
Бәрі түгел - емен жігіт, қыз қайың,
Бой түзеген, бойлап көкпен таласқан.
Кенет тағы неге шулап жөнелдің,
Тебіренер болды қандай себебің?
Не деп кеттің, сөйлемек пе бір өмір,
Орман, орман!
Қайталашы, не дедің?!
Шулайды орман.
Естімейді төңірек.
Өз ішінде дауыл соғып, жел үдеп.
Ол осылай өксігін бір шығарып,
Дүр сілкініп, ауыр ойдан серілмек.
Естіпті оны жалғыз-ақ бір шал адам.
Ол орманның шулар кезін санаған.
Айнытпастан айы, күнін, сағатын
Айтар еді, аян еді бәрі оған.
Орман шуын бастағалы не замат!
Бүгін сонша кешікті екен неге қарт?
Енді аздан соң тыйылмақ па мына күй,
Естілусіз қалғаны ма бұл ғажап!
Келе жатыр!
Естілді, әне, шеттен үн,
Қария адам бермес, сірә, серт тегін!
Келе жатыр оқымысы орманның,
Сол оқиды оның қалың беттерін!
Бар өзінің үйреншікті соқпағы,
Естілді, әне, емен таяқ "тақ-тағы".
Ер еңсесін еңкейтпеген әлі де,
Өмірінің боран, аяз, аптабы.
Кең жауырыны, ер қапсағай денесі,
Миығында екі мұрттың жебесі,
Сап құрыштан құйылғандай тұлғасы,
Қарт буынның босамаған шегесі.
Ұзын қабақ астында көз қырағы,
Азбай қарап, өткір күйі түр әлі.
Омырауға төгілген ақ сақалы
Желмен аунап, қайта толқып, тынады.
Кірген бойда кетті бойлап әрі асып,
Қарт орманға қарт мейманы жарасып,
Алдында оның кәрі терек шоқтары,
Содан әрі кішкене алаң бар ашық.
Келді соған, шешті белін, жайланды,
Орман шулап, шал тебіреніп ойланды.
Бірте-бірте кішірейіп, иді бас,
Еңкеймеген ер тұлғасы қайда әлгі?!
Бір уақытта бас көтерді асығып,
Қойған жандай қазынасын жасырып.
Тізесімен жылжып шөптің үстімен
Сипады жер, саусақтары шаншылып.
Неге үңілді, ақтарды ағаш жаңқасын,
Неге және ұзақ тінтті қалтасын?
Жоғалтты ма жалғыз ұлдың хатын ол,
Әлде ұмытып қалдырды ма балтасын?
Тағы тұрды, тағы кезді сол маңды,
Жапырылған жасыл шөпте жол қалды.
Енді бір сәт, тұр көзін сап қалыңға,
Іздегендей ескі таныс "шалдарды".
Аңтарылып қарағанша бұл бірақ,
Қарт қайыңдар қалды үнсіз тұнжырап.
Талып орман көмейінен келеді үн
Көне құлақ естуіне тым жырақ!
Қайтты ол кері, іздегені табылмай,
Тағы да орман алдады ма, танылмай,
Тыңдап, іздеп, тыңдап, іздеп - күн өтті,
Арман алыс - бұлдырайды сағымдай...
Естімейді төңірек.
Өз ішінде дауыл соғып, жел үдеп.
Ол осылай өксігін бір шығарып,
Дүр сілкініп, ауыр ойдан серілмек.
Естіпті оны жалғыз-ақ бір шал адам.
Ол орманның шулар кезін санаған.
Айнытпастан айы, күнін, сағатын
Айтар еді, аян еді бәрі оған.
Орман шуын бастағалы не замат!
Бүгін сонша кешікті екен неге қарт?
Енді аздан соң тыйылмақ па мына күй,
Естілусіз қалғаны ма бұл ғажап!
Келе жатыр!
Естілді, әне, шеттен үн,
Қария адам бермес, сірә, серт тегін!
Келе жатыр оқымысы орманның,
Сол оқиды оның қалың беттерін!
Бар өзінің үйреншікті соқпағы,
Естілді, әне, емен таяқ "тақ-тағы".
Ер еңсесін еңкейтпеген әлі де,
Өмірінің боран, аяз, аптабы.
Кең жауырыны, ер қапсағай денесі,
Миығында екі мұрттың жебесі,
Сап құрыштан құйылғандай тұлғасы,
Қарт буынның босамаған шегесі.
Ұзын қабақ астында көз қырағы,
Азбай қарап, өткір күйі түр әлі.
Омырауға төгілген ақ сақалы
Желмен аунап, қайта толқып, тынады.
Кірген бойда кетті бойлап әрі асып,
Қарт орманға қарт мейманы жарасып,
Алдында оның кәрі терек шоқтары,
Содан әрі кішкене алаң бар ашық.
Келді соған, шешті белін, жайланды,
Орман шулап, шал тебіреніп ойланды.
Бірте-бірте кішірейіп, иді бас,
Еңкеймеген ер тұлғасы қайда әлгі?!
Бір уақытта бас көтерді асығып,
Қойған жандай қазынасын жасырып.
Тізесімен жылжып шөптің үстімен
Сипады жер, саусақтары шаншылып.
Неге үңілді, ақтарды ағаш жаңқасын,
Неге және ұзақ тінтті қалтасын?
Жоғалтты ма жалғыз ұлдың хатын ол,
Әлде ұмытып қалдырды ма балтасын?
Тағы тұрды, тағы кезді сол маңды,
Жапырылған жасыл шөпте жол қалды.
Енді бір сәт, тұр көзін сап қалыңға,
Іздегендей ескі таныс "шалдарды".
Аңтарылып қарағанша бұл бірақ,
Қарт қайыңдар қалды үнсіз тұнжырап.
Талып орман көмейінен келеді үн
Көне құлақ естуіне тым жырақ!
Қайтты ол кері, іздегені табылмай,
Тағы да орман алдады ма, танылмай,
Тыңдап, іздеп, тыңдап, іздеп - күн өтті,
Арман алыс - бұлдырайды сағымдай...
Екі балта жаңғыртып тұр орманды,
Әлде біреу қоса айтады ойлы әнді.
Жорық әні, елге мәлім сонау ән
Көк орманның төбесінде айналды.
Қатты шықпай, қалқып қана еседі,
Ел тағдырын елестетіп кешегі.
"Қумашы, жел, ән тыңдайын" дегендей
Көкте ақша бұлт баяу ғана көшеді...
Анау шетте аңтарылып бір жігіт,
Жолдасының жақсы әніне тұр жібіп...
Неге кенет қақпай қалды ән қанат,
Неге бітпей, үзілді тез тұншығып?!
Қара ағашқа қатты қадап балтасын,
Жүгірді анау, күнге тосып арқасын.
Кетті кіріп көңіліне бір күдік:
"Ойда жоқта бейнет-жазым таппасын!".
Келсе, жігіт отыр жерге үңіліп,
Қаза көрген қарындастай бүгіліп.
Алақанда жарқырайды бір нәрсе,
Бетінде оның күн сәулесі жүгіріп.
Кенет досы оянғандай ұйқыдан,
Секілді бір есіп жаңа күй тынған,
Соза берді жарқыраған оң қолын,
Жаңа өркендей жарық күнге ұмтылған.
Әлгі затқа қалды көздер жабысып,
Теуіп жүрек, өне бойда қаны ысып.
Тұрды сол зат ішті нұрға толтырып,
Әрі қымбат, қасиетті, әрі ыстық.
О, ғажайып, қателеспей жанары
Таныды оны, сол емес пе жан ары.
От боп жанып, жалын күйін сақтаған
Туған елдің кіп-кішкене жалауы.
Өзі қызыл, ақ болаттан құйылған,
Келді қайдан, жақыннан ба, қиырдан?
Жатты қанша күн астында жарқырап,
Болып артық тозғыш не бір бұйымнан?
Қалдырды екен омыраудан кім үзіп?
Ұрлады ма әкесінен "бір бұзық?"
Төрт әріпті туған отан есімі
Бетінде оның күн нұрына тұр жүзіп.
Кім жоғарғы советке бұл депутат?
Аударды олар, бастапты арғы бетін тат.
Тұр жарқырап, сайрап айтып нөмірі,
Естілгендей болды бұйрық: "Иесін тап!"
Зерттеді олар сол орынды, сол маңды,
Куә қылып мына жасыл орманды.
Значок табылған шөп астында
Иесі де жатқандығын аңғарды.
Туған дала жібек шөппен ораған,
Үстен орман қарауылдап қараған.
Кім болды екен, кім болды екен сонау ер,
Кім болды екен, о дариға, сол адам?
Қалды балта, қалды ағаш кесілген,
Бірде жиып, бірде ажырап есінен.
Екі жігіт тұра ұмтылды селоға,
Мынау тосын істі бастан кешірген.
Білді ме олар тірілткенін бір ерді
Келді-дағы, елге жар сап жіберді.
Қолдан қолға кешті жалау кішкене,
Тасытқандай әр көңілге жігерді.
Ұстады жұрт, мәпеледі құр қалмай,
Мұнда ғажап ашылмаған сыр бардай.
Бейне мейрам күндеріндей кәдімгі
Болды бәрі ту көтеріп тұрғандай.
Кетті сол ту биіктен соң биікке,
Қарады жұрт құрметтеп те, сүйіп те.
Кейбір көздің құлап түсіп моншағы,
Ауыр оймен алды қабақ түйіп те.
Осынау ел тұрды бір сәт тым-тырыс,
Шығармастан, ішке бүгіп үн-дыбыс.
Алды басып құдіретті тыныштық,
Артынан бір болатындай бұлқыныс.
Құрмет еді, қадір еді бұл тұтқан,
Сөз айтқызбай түгел құлап, жұрт ұққан.
Кім еді ол, кім де болса ер еді,
Ел көңлінің төбесінен бір шыққан!
Бас киімдер енді ғана киілді,
Тағы, тағы, тағы да жұрт жиылды...
Ел ішіне бір қадірмен келгендей,
Кетті хабар кезіп шалғай қиырды...
Елеңдейді, елегзиді жұрт мынау,
Бәрі осында бурыл сақал, мұрт қырау.
Тұрды айналып төбесінде елімнің
- Тез біл - деген, бұл кім? - деген бір сұрау.
Алғы топтың ішінде анау шалдың да
Көзінде жас, не жұмбақ сыр бар мұнда:
"Іздеп едім, іздеп едім?" дей берді,
Кінәлідей бір мықтының алдында.
Жалт қарады үнсіз тұрған жұрт оған,
Шал жоқ бұл сәт ол назарды байқаған.
Көз жұмулы... бір оқиға тізбегін
Көңілінде көріп шықты қайтадан...
Әлде біреу қоса айтады ойлы әнді.
Жорық әні, елге мәлім сонау ән
Көк орманның төбесінде айналды.
Қатты шықпай, қалқып қана еседі,
Ел тағдырын елестетіп кешегі.
"Қумашы, жел, ән тыңдайын" дегендей
Көкте ақша бұлт баяу ғана көшеді...
Анау шетте аңтарылып бір жігіт,
Жолдасының жақсы әніне тұр жібіп...
Неге кенет қақпай қалды ән қанат,
Неге бітпей, үзілді тез тұншығып?!
Қара ағашқа қатты қадап балтасын,
Жүгірді анау, күнге тосып арқасын.
Кетті кіріп көңіліне бір күдік:
"Ойда жоқта бейнет-жазым таппасын!".
Келсе, жігіт отыр жерге үңіліп,
Қаза көрген қарындастай бүгіліп.
Алақанда жарқырайды бір нәрсе,
Бетінде оның күн сәулесі жүгіріп.
Кенет досы оянғандай ұйқыдан,
Секілді бір есіп жаңа күй тынған,
Соза берді жарқыраған оң қолын,
Жаңа өркендей жарық күнге ұмтылған.
Әлгі затқа қалды көздер жабысып,
Теуіп жүрек, өне бойда қаны ысып.
Тұрды сол зат ішті нұрға толтырып,
Әрі қымбат, қасиетті, әрі ыстық.
О, ғажайып, қателеспей жанары
Таныды оны, сол емес пе жан ары.
От боп жанып, жалын күйін сақтаған
Туған елдің кіп-кішкене жалауы.
Өзі қызыл, ақ болаттан құйылған,
Келді қайдан, жақыннан ба, қиырдан?
Жатты қанша күн астында жарқырап,
Болып артық тозғыш не бір бұйымнан?
Қалдырды екен омыраудан кім үзіп?
Ұрлады ма әкесінен "бір бұзық?"
Төрт әріпті туған отан есімі
Бетінде оның күн нұрына тұр жүзіп.
Кім жоғарғы советке бұл депутат?
Аударды олар, бастапты арғы бетін тат.
Тұр жарқырап, сайрап айтып нөмірі,
Естілгендей болды бұйрық: "Иесін тап!"
Зерттеді олар сол орынды, сол маңды,
Куә қылып мына жасыл орманды.
Значок табылған шөп астында
Иесі де жатқандығын аңғарды.
Туған дала жібек шөппен ораған,
Үстен орман қарауылдап қараған.
Кім болды екен, кім болды екен сонау ер,
Кім болды екен, о дариға, сол адам?
Қалды балта, қалды ағаш кесілген,
Бірде жиып, бірде ажырап есінен.
Екі жігіт тұра ұмтылды селоға,
Мынау тосын істі бастан кешірген.
Білді ме олар тірілткенін бір ерді
Келді-дағы, елге жар сап жіберді.
Қолдан қолға кешті жалау кішкене,
Тасытқандай әр көңілге жігерді.
Ұстады жұрт, мәпеледі құр қалмай,
Мұнда ғажап ашылмаған сыр бардай.
Бейне мейрам күндеріндей кәдімгі
Болды бәрі ту көтеріп тұрғандай.
Кетті сол ту биіктен соң биікке,
Қарады жұрт құрметтеп те, сүйіп те.
Кейбір көздің құлап түсіп моншағы,
Ауыр оймен алды қабақ түйіп те.
Осынау ел тұрды бір сәт тым-тырыс,
Шығармастан, ішке бүгіп үн-дыбыс.
Алды басып құдіретті тыныштық,
Артынан бір болатындай бұлқыныс.
Құрмет еді, қадір еді бұл тұтқан,
Сөз айтқызбай түгел құлап, жұрт ұққан.
Кім еді ол, кім де болса ер еді,
Ел көңлінің төбесінен бір шыққан!
Бас киімдер енді ғана киілді,
Тағы, тағы, тағы да жұрт жиылды...
Ел ішіне бір қадірмен келгендей,
Кетті хабар кезіп шалғай қиырды...
Елеңдейді, елегзиді жұрт мынау,
Бәрі осында бурыл сақал, мұрт қырау.
Тұрды айналып төбесінде елімнің
- Тез біл - деген, бұл кім? - деген бір сұрау.
Алғы топтың ішінде анау шалдың да
Көзінде жас, не жұмбақ сыр бар мұнда:
"Іздеп едім, іздеп едім?" дей берді,
Кінәлідей бір мықтының алдында.
Жалт қарады үнсіз тұрған жұрт оған,
Шал жоқ бұл сәт ол назарды байқаған.
Көз жұмулы... бір оқиға тізбегін
Көңілінде көріп шықты қайтадан...
Село жым-жырт.
Аспан алыс. Жау жақын.
Мазасыз түн.
Ортасынан ауған түн.
Үңірейген үрейлі бір тыныштық,
Білгізбеген, сездірмеген алды-артын.
Өтті күндер, өтті түндер бейне зіл,
Ажалменен арпалыстық беймезгіл.
Әрбір минут ерлік тосып, тұрды өтпей,
Ондай күннен тез өтеді кейде жыл.
Батальон, батальон, шаршадың,
Сен айқасып жаттың мұнда қанша күн!
Мандайыңның ысын сүртіп, бір сағат
Мызғып алар тыныштықты аңсадың!
Байқашы өзің, жағдайыңмен таныс сәл,
Сен азайдың, көбейді кек, намыс, ар.
Бір-ақ уыс, бір-ақ уыс болатсың,
Отыз солдат, командир мен комиссар.
Келе жатыр әшкередей таң атып,
Бұл селоның бетін жауға қаратып.
Алқына кеп, "аһ" деді бір гаубица,
Сол соғысты алды шапшаң оятып.
Әне келді...
Мотоцикл дүр етті,
Қаптады жау... қардай оқты үдетті.
Бір мезгілде тоқтату ма ойы оның
Отпен орап отыз екі жүректі?
- Баста, ерлер! - деді сонда командир. -
Ерлік ортақ, елің үшін ажал бір!
Біз ақтадық, ақтаймыз біз борышты,
Қапта жауым, тастан туған тажал тіл! -
Деді де ол, алдыңғы бір шоғырға
Қалды сілтеп гранатын. - Шомыл да
Жат жалынға, иттер өңшең! - Қап, әттең,
Жорғалап қан жүре берді жонында!
Туған жердің топырағына бет басып,
Ол келместің сапарына кетті асып.
Команданы алды қолға комиссар, -
- Батальон! Атыс салып, сыртқа шық!
Шеп, бұзылма! Шегініңдер орманға!
Қатар атыс, тағы шегін, соң қалма!
...Жау - бір тасқын, тойтарумен толқынын
Кірді орманға күн сәске түс болғанда.
Қалған бесеу...
Оның бірі жаралы,
Азға ұмтылып, ашылды жау араны.
Батальон, батальон... бес адам,
Батальон әлі атысып барады.
Орман, орман, туған жердің орманы
Болды олардың ең ақырғы қорғаны.
Осыншама оқ жаудырды, бітпеді,
Қырсықты жау, ала алмады, болмады...
Жаңғырады, қаңғырады мың сан оқ,
Жау ентігіп, әлгі орынға барса - жоқ.
Қайран біздің қасиетті, туған жер,
Қорғайсың-ау қолдан келсе, сонша көп!
...Екеу өлді... қалды екеу жаралы...
Онан сайын ашылды жау араны.
Батальон... батальон - бір адам,
Батальон әлі атысып барады...
...Туған жердің аспанынан көз алмай,
Сөйлеп тынып, айтылмаған сөз қалмай.
Ойға батқан, тыныс тапқан кісідей,
Бір жауынгер жатыр ұзақ қозғалмай.
Маңдайыңда, кескінінде дөңгелек,
Ойнайды ылғи күн сәулесі еркелеп.
Шаштарына жасыл шөптер жабысып,
Сүйеді оны, аймалайды жел де кеп.
Қатты шаршап, қалжырап кеп жығылған,
Әлі жатыр, қайтар емес тынымнан.
Қара кірпік айрылмастай айқасып,
Қара көзі қалт етпестен жұмылған.
Өтті жылдар, өтті күндер, өтті айлар,
Сол баяғы көкте күн бар, көкте ай бар.
Сол баяғы ойшыл қара орман бар,
Әлі ұйқыда, оянбайды комиссар...
Бірте-бірте кішірейіп, азайып,
Бойындағы жүктен ада, тазарып.
Туған жердің топырағына сіңді ол,
Артта жылдың қысы қалып, жаз қалып.
Артта қайран, құтқарылған ел қалып,
Туған дала, қоңыр салқын бел қалып,
Жас сәбиін, жаңа ұрпағын жан жарын
Бәлкім, аңсап көз алдына келді алып.
Сөйлесті ме сонда олармен соңғы рет,
Тек еріні қалыпты ашық үлбіреп.
Көтеріпті биігірек кеудесін
Ақтық рет қатты соққан сол жүрек.
Сол күнде де соңғы сәтте қалтырап,
Қалды ма екен сонау сары жапырақ.
Туған елдің жығылмайтын жалауы
Омырауда жата берді жарқырап.
Аспан алыс. Жау жақын.
Мазасыз түн.
Ортасынан ауған түн.
Үңірейген үрейлі бір тыныштық,
Білгізбеген, сездірмеген алды-артын.
Өтті күндер, өтті түндер бейне зіл,
Ажалменен арпалыстық беймезгіл.
Әрбір минут ерлік тосып, тұрды өтпей,
Ондай күннен тез өтеді кейде жыл.
Батальон, батальон, шаршадың,
Сен айқасып жаттың мұнда қанша күн!
Мандайыңның ысын сүртіп, бір сағат
Мызғып алар тыныштықты аңсадың!
Байқашы өзің, жағдайыңмен таныс сәл,
Сен азайдың, көбейді кек, намыс, ар.
Бір-ақ уыс, бір-ақ уыс болатсың,
Отыз солдат, командир мен комиссар.
Келе жатыр әшкередей таң атып,
Бұл селоның бетін жауға қаратып.
Алқына кеп, "аһ" деді бір гаубица,
Сол соғысты алды шапшаң оятып.
Әне келді...
Мотоцикл дүр етті,
Қаптады жау... қардай оқты үдетті.
Бір мезгілде тоқтату ма ойы оның
Отпен орап отыз екі жүректі?
- Баста, ерлер! - деді сонда командир. -
Ерлік ортақ, елің үшін ажал бір!
Біз ақтадық, ақтаймыз біз борышты,
Қапта жауым, тастан туған тажал тіл! -
Деді де ол, алдыңғы бір шоғырға
Қалды сілтеп гранатын. - Шомыл да
Жат жалынға, иттер өңшең! - Қап, әттең,
Жорғалап қан жүре берді жонында!
Туған жердің топырағына бет басып,
Ол келместің сапарына кетті асып.
Команданы алды қолға комиссар, -
- Батальон! Атыс салып, сыртқа шық!
Шеп, бұзылма! Шегініңдер орманға!
Қатар атыс, тағы шегін, соң қалма!
...Жау - бір тасқын, тойтарумен толқынын
Кірді орманға күн сәске түс болғанда.
Қалған бесеу...
Оның бірі жаралы,
Азға ұмтылып, ашылды жау араны.
Батальон, батальон... бес адам,
Батальон әлі атысып барады.
Орман, орман, туған жердің орманы
Болды олардың ең ақырғы қорғаны.
Осыншама оқ жаудырды, бітпеді,
Қырсықты жау, ала алмады, болмады...
Жаңғырады, қаңғырады мың сан оқ,
Жау ентігіп, әлгі орынға барса - жоқ.
Қайран біздің қасиетті, туған жер,
Қорғайсың-ау қолдан келсе, сонша көп!
...Екеу өлді... қалды екеу жаралы...
Онан сайын ашылды жау араны.
Батальон... батальон - бір адам,
Батальон әлі атысып барады...
...Туған жердің аспанынан көз алмай,
Сөйлеп тынып, айтылмаған сөз қалмай.
Ойға батқан, тыныс тапқан кісідей,
Бір жауынгер жатыр ұзақ қозғалмай.
Маңдайыңда, кескінінде дөңгелек,
Ойнайды ылғи күн сәулесі еркелеп.
Шаштарына жасыл шөптер жабысып,
Сүйеді оны, аймалайды жел де кеп.
Қатты шаршап, қалжырап кеп жығылған,
Әлі жатыр, қайтар емес тынымнан.
Қара кірпік айрылмастай айқасып,
Қара көзі қалт етпестен жұмылған.
Өтті жылдар, өтті күндер, өтті айлар,
Сол баяғы көкте күн бар, көкте ай бар.
Сол баяғы ойшыл қара орман бар,
Әлі ұйқыда, оянбайды комиссар...
Бірте-бірте кішірейіп, азайып,
Бойындағы жүктен ада, тазарып.
Туған жердің топырағына сіңді ол,
Артта жылдың қысы қалып, жаз қалып.
Артта қайран, құтқарылған ел қалып,
Туған дала, қоңыр салқын бел қалып,
Жас сәбиін, жаңа ұрпағын жан жарын
Бәлкім, аңсап көз алдына келді алып.
Сөйлесті ме сонда олармен соңғы рет,
Тек еріні қалыпты ашық үлбіреп.
Көтеріпті биігірек кеудесін
Ақтық рет қатты соққан сол жүрек.
Сол күнде де соңғы сәтте қалтырап,
Қалды ма екен сонау сары жапырақ.
Туған елдің жығылмайтын жалауы
Омырауда жата берді жарқырап.
...Шал кеңесі жұрт ынтасын суырды,
Жиналыста салтанат бар бүгінгі.
Шал сөйлеп тұр, еске алып тұр өткенін,
Тағы, тағы соған құлақ түрілді.
- Сол бір түнде қатты ұйқтадым неге мен,
Әлі өкінем, бейбақ едім не деген.
Шошып тұрсам, қасымда жоқ зым-зия
Қойнымдағы жатқан жалғыз немерем!
Көше у-шу, шығыста тұр қызыл күн,
Ішім құйын, бұлтты аспандай бұзылдым.
Шаң мен түтін, көктің жүзі қара ала,
Шырлап қайда кеттің ұшып қызығым? -
Дедім дағы тұра ұмтылып, жүгірдім,
Әл азайып, әлденеше сүріндім.
Әзер жетіп шет жағына селоның,
Сәл ес жиып, орман жаққа үңілдім.
О, ғаламат, кетті денем түршігіп,
Өрт-топанға бірде батып, бір шығып,
Басы жалын, аяғы шоқ ажалмен
Арпалысып бара жатты тіршілік.
Батальон, қорғанышым, талай күн,
Айқасына ақтық рет қараймын.
Шығып алып сорлы село шетіне
Деп пе едім мен тынысыңды санаймын.
Сол баяғы екпінің де соғысың,
Сен бе ерліктің әлсіретер соңғысын!
Білер ме еді, білер ме еді Россия
Іздеп келіп сүйер еді-ау сол үшін.
Командир жоқ, комиссарды таныдым,
Жарқ ете қап өзіндей-ақ жалынның.
Қол сермеді, ұшып келіп от үсті
Ортасына бергі мынау қалыңның.
Орман шаң-шұң, көк жаңғырды жеті қат,
Арт жағында алау-жалау өрті қап.
Қалың орман қабырғасын қақ жарып,
Ұмар-жұмар кірді барып екі жақ...
"Немерең де кетті бірге!" - деген бір
Құлағыма шалынғандай сәл күбір,
Ұмтыла кеп, аттай беріп, құладым,
Болды сонда таусылғандай бар ғұмыр.
Содан қайтып мен есімді білмедім...
Зор табағы төңкеріліп дүниенің.
Кетті үстімнен... Миым айтты "біттің!" деп,
О, кұдірет, көзімді ашсам - үйдемін!
Жаттым содан өмір-өлім алмасып,
Түс аяғы сандырақпен жалғасып.
Жан-жағымда толған елес-мың сурет,
Тірлігімді танымадым дәл басып.
Шыңғырамын, жан даусым сол ма еді,
Тағы, тағыкөзімде елес көлбеді.
Бір жағымда шақырды өмір: кел! - деді,
Бір жағымда қырсық жауым өл! - деді.
Өшем десе өмір-шырақ жанып сәл,
Уа, құдірет, өшірмейтін не күш бар? -
Дегенімше қасымнан кеп шығады
Немерем мен әлгі сабаз комиссар.
Мен солайша өз-өзіме келгенше,
Өтті арада қанша мерзім, күн неше.
Біле алмадым, білуге хал жетпеді!
Ашылды ғой құлақ пенен тіл кеше! -
Деді дағы, қалды біраз шал үнсіз,
Көзінен жас тама берді дамылсыз.
Сол жас болып сарқылғалы жатқандай
Ұзақ жылдар жайлап келген жанын сыз.
- Көп іздедім.
Көп іздедім содан мен,
Сырластым да, сөйлестім де орманмен.
Осында деп айтып еді ол маған,
Табар менде қалып еді қай дәрмен?!
Оқасы жоқ, табылды ғой... табылды,
Табар Отан дәл осындай сан ұлды.
Жақсы болды-ау, Россия білгені,
Мен сонымен құттықтаймын бәріңді!
Құттықтаймын қазақ атты халықты,
Ол - ана ғой.
Аналығын танытты.
Көңіл айтар жол біздікі, айтыңдар,
Айт, Отаны тапты ұлын даңқты!
Деді қария.
Белгі берді тынғандай,
Алақанда тудан көзін тұрды алмай.
Туған Отан алақанға көтеріп
Сонау ерін өзі аялап тұрғандай...
Болды сол кез.
Шал бұйрығын қабыл ап,
Жерледі ерді халық әкеп, арулап.
Алтын аптап атын жазды.
Биікте Депутаттық белгі тұрды жалындап.
Гүл егілді, гүл көктеді не түрлі,
Дәл осылай орман сыры шертілді...
Ел көңілінде сонау мәңгі депутат
Әлі тірі, бірге жүрген секілді...
Соңғы сөз
Орман, орман! Ұлы орыстың орманы,
Халық болып құшақтайын, кел, қані!
Аяладың, жоғалтпадың, сақтадың,
Ер даңқымен табысты әне, ел жаны!
Бір қаһарман, зор қаһарман сен едің,
Сені балғын жыр жолыма бөледім.
Сен құшақтап, қамқорыңа сен алсаң,
Мен ерлердің өлмесіне сенемін!
Сені құшсам, орыс шалын құшқаным,
Ол саған да, сен де оған ұқсадың.
Екеуіңнің ажырамас, жаныңды
Мен көтеріп, мен биікке ұстадым!
Орман, орман! Ұлы орыстың орманы!
Халық болып құшақтайын кел, қані!
Сол құшақтан мейірбанды қазақтың
Алғысы мен арын тапсаң болғаны!
Жиналыста салтанат бар бүгінгі.
Шал сөйлеп тұр, еске алып тұр өткенін,
Тағы, тағы соған құлақ түрілді.
- Сол бір түнде қатты ұйқтадым неге мен,
Әлі өкінем, бейбақ едім не деген.
Шошып тұрсам, қасымда жоқ зым-зия
Қойнымдағы жатқан жалғыз немерем!
Көше у-шу, шығыста тұр қызыл күн,
Ішім құйын, бұлтты аспандай бұзылдым.
Шаң мен түтін, көктің жүзі қара ала,
Шырлап қайда кеттің ұшып қызығым? -
Дедім дағы тұра ұмтылып, жүгірдім,
Әл азайып, әлденеше сүріндім.
Әзер жетіп шет жағына селоның,
Сәл ес жиып, орман жаққа үңілдім.
О, ғаламат, кетті денем түршігіп,
Өрт-топанға бірде батып, бір шығып,
Басы жалын, аяғы шоқ ажалмен
Арпалысып бара жатты тіршілік.
Батальон, қорғанышым, талай күн,
Айқасына ақтық рет қараймын.
Шығып алып сорлы село шетіне
Деп пе едім мен тынысыңды санаймын.
Сол баяғы екпінің де соғысың,
Сен бе ерліктің әлсіретер соңғысын!
Білер ме еді, білер ме еді Россия
Іздеп келіп сүйер еді-ау сол үшін.
Командир жоқ, комиссарды таныдым,
Жарқ ете қап өзіндей-ақ жалынның.
Қол сермеді, ұшып келіп от үсті
Ортасына бергі мынау қалыңның.
Орман шаң-шұң, көк жаңғырды жеті қат,
Арт жағында алау-жалау өрті қап.
Қалың орман қабырғасын қақ жарып,
Ұмар-жұмар кірді барып екі жақ...
"Немерең де кетті бірге!" - деген бір
Құлағыма шалынғандай сәл күбір,
Ұмтыла кеп, аттай беріп, құладым,
Болды сонда таусылғандай бар ғұмыр.
Содан қайтып мен есімді білмедім...
Зор табағы төңкеріліп дүниенің.
Кетті үстімнен... Миым айтты "біттің!" деп,
О, кұдірет, көзімді ашсам - үйдемін!
Жаттым содан өмір-өлім алмасып,
Түс аяғы сандырақпен жалғасып.
Жан-жағымда толған елес-мың сурет,
Тірлігімді танымадым дәл басып.
Шыңғырамын, жан даусым сол ма еді,
Тағы, тағыкөзімде елес көлбеді.
Бір жағымда шақырды өмір: кел! - деді,
Бір жағымда қырсық жауым өл! - деді.
Өшем десе өмір-шырақ жанып сәл,
Уа, құдірет, өшірмейтін не күш бар? -
Дегенімше қасымнан кеп шығады
Немерем мен әлгі сабаз комиссар.
Мен солайша өз-өзіме келгенше,
Өтті арада қанша мерзім, күн неше.
Біле алмадым, білуге хал жетпеді!
Ашылды ғой құлақ пенен тіл кеше! -
Деді дағы, қалды біраз шал үнсіз,
Көзінен жас тама берді дамылсыз.
Сол жас болып сарқылғалы жатқандай
Ұзақ жылдар жайлап келген жанын сыз.
- Көп іздедім.
Көп іздедім содан мен,
Сырластым да, сөйлестім де орманмен.
Осында деп айтып еді ол маған,
Табар менде қалып еді қай дәрмен?!
Оқасы жоқ, табылды ғой... табылды,
Табар Отан дәл осындай сан ұлды.
Жақсы болды-ау, Россия білгені,
Мен сонымен құттықтаймын бәріңді!
Құттықтаймын қазақ атты халықты,
Ол - ана ғой.
Аналығын танытты.
Көңіл айтар жол біздікі, айтыңдар,
Айт, Отаны тапты ұлын даңқты!
Деді қария.
Белгі берді тынғандай,
Алақанда тудан көзін тұрды алмай.
Туған Отан алақанға көтеріп
Сонау ерін өзі аялап тұрғандай...
Болды сол кез.
Шал бұйрығын қабыл ап,
Жерледі ерді халық әкеп, арулап.
Алтын аптап атын жазды.
Биікте Депутаттық белгі тұрды жалындап.
Гүл егілді, гүл көктеді не түрлі,
Дәл осылай орман сыры шертілді...
Ел көңілінде сонау мәңгі депутат
Әлі тірі, бірге жүрген секілді...
Соңғы сөз
Орман, орман! Ұлы орыстың орманы,
Халық болып құшақтайын, кел, қані!
Аяладың, жоғалтпадың, сақтадың,
Ер даңқымен табысты әне, ел жаны!
Бір қаһарман, зор қаһарман сен едің,
Сені балғын жыр жолыма бөледім.
Сен құшақтап, қамқорыңа сен алсаң,
Мен ерлердің өлмесіне сенемін!
Сені құшсам, орыс шалын құшқаным,
Ол саған да, сен де оған ұқсадың.
Екеуіңнің ажырамас, жаныңды
Мен көтеріп, мен биікке ұстадым!
Орман, орман! Ұлы орыстың орманы!
Халық болып құшақтайын кел, қані!
Сол құшақтан мейірбанды қазақтың
Алғысы мен арын тапсаң болғаны!
Ақпан, 1960 ж.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: