Қазақша өлең: Бегілдә Алдамжар (Зеңгiрге бойы жетерлiк…)
Зеңгiрге бойы жетерлiк,
жапырағы қалың, жаңа, жас,
жағасын Сырдың мекен ғып,
тұратын кәрi қара ағаш.
Долданды дария бiр күнi,
толқынмен сабап сынады.
Көрдiң бе жойқын жындыны,—
гүрс етiп ағаш құлады.
Жеңгесiн жауын бiр бүктеп,
ойнаққа толқын құлшынды.
“Дәриға, осы тiрлiк!”— деп,
кәриялар бiр-бiр күрсiнді.
жапырағы қалың, жаңа, жас,
жағасын Сырдың мекен ғып,
тұратын кәрi қара ағаш.
Долданды дария бiр күнi,
толқынмен сабап сынады.
Көрдiң бе жойқын жындыны,—
гүрс етiп ағаш құлады.
Жеңгесiн жауын бiр бүктеп,
ойнаққа толқын құлшынды.
“Дәриға, осы тiрлiк!”— деп,
кәриялар бiр-бiр күрсiнді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: