Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Жай қанатыңды, серме, Қазақстаным!)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Жай қанатыңды, серме, Қазақстаным!)

Жай қанатыңды! Сермеші, Қазақстаным!
Күн жаңа туды!
Кернеші аспан тұстарын.
Әуе батыры - Әубәкірұлы арқылы
Болды-ау бақыт - ғарышқа ғажап ұшқаның.
Отыз жыл аттай ойлаған арман, үмітке!
Өзегі толған өкініш, өкпе, күдікке,
Жаһанды баққан жаратқан ием, қуат бер,
Жұлдызды қуған мынау қоңыр жігітке!
Арманын көріп, көзінің жасын бір сыққан,
Түрікті кеше түгендеп келген Нұрсұлтан!
О, дүние! Оның түсінер ме едің сол сәтін
Күбірлеп тұрған:
"Сақта,- деп,- тілден, қырсықтан!"
Қазақы мінез - қаусырған жалпақ туысты,-
Оңы мен солын, Батысты, байтақ Шығысты,
Қақ жарып көкті ағысын көріп қазақтың
Бүкіл дүние көздерін алмай тұрысты!
Самға, Тоқтар! Тоқтамай солай жүйткі Сен!
Қақ дабылыңды, Дала боранындай ұйтқы Сен!
Бар қазақтың жүрегін алып барасың,
Құлдыққа көнбес Ұл боласың ба, бүйтпесең!
Жай қанатыңды, топшыңда күштің қос бәрін,
Республикам - Еріктім менің, бостаным.
Тарихи таңның шапағат нұрын жамылып,-
Ерлігің сенің - Елдердің басын қосқаның.
Солардың адал тілегі бізді оңғарсын!
Асықпа, бауырым, алатын алда заңғар шың!
Топалаң жылды тойға ұластырған ғажайып,
Тарихта солай Тоқтарың тартқан жол қалсын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Жай қанатыңды серме Қазақстаным өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Жай қанатыңды серме Қазақстаным, қазақстан туралы өлең шумақтары, қазақстан туралы өлеңдер, қазақстан туралы өлеңдер жинағы, қазақстан туралы өлең тақпақтар, казакстан туралы олен жолдары, казакстан туралы олен шумактары, казакстан туралы такпак казакша, стихи на казахском языке про казахстан, стих про казахстан на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]