Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Көгершіндер)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Көгершіндер)

Күнде ертемен нан септім,
Қызықтадым сол сәтті.
Сөйте-сөйте дәндеттім
Көгершінді он шақты.
Тереземді азаннан
Тырсылдатып тұрғаны,
Келетіндей базардан
Көзге таныс бір жаны.
Қыстың көзі қырауда
Не мақұлық жансебіл,
Халы келмес сұрауға
Қалғандығын қанша өмір.
Сонда да бір жанталас -
Тіршілік үшін, нан үшін.
Өлдім десе, байқамас,
Жасы талап көрісін.
Шетке қағып әлсізін,
Жейді ананың бұл асын,
Бұлардың да арсызын
Байқап, біліп тұрасың.
Түні бойы күзетіп,
Терезеге телмірген.
Башпайына сыз өтіп,
Өкпесіне жел кірген.
Бір көгершін жүдеу бас,
Шыдам, парыз өтеген.
"Енді оңаша жермін ас -
Тойып, толып бөтегем!"
Дегеніңше, еңбегі
Тағы зая, қайтпайды,
Қайдан, қашан келгені
Белгісіздер қаптайды.
Астында қап бәрінің,
Жаншылады бүйірі,
Зордан тапқан нәрінің
Бұйырмай бір түйірі.
Бұрып еді бүйрегім,
Қалсыншы деп бүгін жеп.
"Бәрі осы-ау дүниенің"
Қала бердім күбірлеп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Көгершіндер өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Көгершіндер, когершиндер туралы олен стих, Көгершін, когершин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]