Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Жазған жырым)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Жазған жырым)

Жазған жырым, - жалғыз далам, өзге емес,
Қырымда да, Хиуада да көзге елес.
Елімді мен еркіндіктей сағынып,
Өз-өзіммен құрдым ылғи сөз - кеңес.

Елім менің - сенсіз менде хәл қандай,
Елегзимін - есіл көңілім жалғанбай,
Алыста бір ана айқайы естіліп,
Алыста бір балам жылап қалғандай.

Жібімейді тас кеудемде жыр қатып,
Алтын аңғар, сені көрмей бір балқып,
Қош, көңілге хоштық берген, қош
Қырым,
Қайттық елге, қамшыңды ұста, жүр, Бақыт.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Жазған жырым өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Жазған жырым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]