Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Асау үйрету)

Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Асау үйрету)

Көтеріп атқа қондырдың,
Ат емес –
Алау.
Бүлік бір.
«Сабау деп қалма,
Бұл – ер» деп,
Қарадың сосын күліп бір.

Жас тұлпар басын тұқыртып,
Жер тарпып тұрды тынымсыз.
Әзілден өткір қамшы жоқ,
Тіл деген әсте буынсыз.

Алғашқы рет,
Өрекпіп,
Ағытып қойдым түймемді.
Тізгінді мытып,
Табаным
Таралғыға тиген-ді.

Айғырым асау атылып,
Жармаса кеттім жалына.
Мырс етіп күліп алдың сен
Менің мүшкіл халыма.

Арғымақ –
Пай-пай! –
Азынап
Тулады дейсің толқындай.
Үзіліп кете жаздадым
Жүзімдей
Піскен солқылдай.
Аямақ емес ол мені,
Менің де жоқ-ты аяғым,
Салып кеп қалдым көзіңнен,
Аспаннан келді аяғым....

Дүние кетті дөңгелеп....
Осымен тынды бақ сынау.
Асауым тұрды
Бір көзін
Сипағысы кеп,
Қайтсын ау!

Қып-қызыл жолақ дірілдеп
Жосыды көздің жанымен
Ол күнді кеттім белгілеп
Асаудың алау қанымен!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
олжас сулейменов Асау үйрету туралы олен Олжас Сүлейменов өлең стихи на казахском языке олжас сулейменов, Олжас Сүлейменов өлеңдері, Олжас Сүлейменовтың өлеңі, олжас сулейменов олендери, стихи на казахском языке олжас сулейменов, Асау үйрету, олжас сулейменовтын олендери казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]